ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

20:30, 10 шілде 2018

Парламент Мәжілісінің депутаттарының қабылдауына келетін жұртшылықтың қарасы қашанда қалың. Депутаттардың өздері болса, алдарына келген адамдардың мәселесін ден қоя тыңдап, қол ұшын беруге тырысады. «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалында өткен бұл жолғы қабылдауда қандай мәселелер көтерілді?

Түрлі қиындықтарға тап болған жандардың көбі мәжіліс депутаттарына арызданып барады. Талай табалдырық тоздырып, әділдік таппаған олар халық қалаулыларына үміт артады. Зейнеткер Зоя Калюгина тиісті зейнетақысын ала алмай келе жатқандығын айтады. Жұмыс берушінің қателігінен оның 10 жылғы еңбек өтілі есептелмей, өзіне лайықты зейнетақыдан қағылып отыр. Мәжіліс депутаттары Зоя Калюгинаға сотқа жүгінуге кеңес берді. Өйткені, бұл мәселеде жұмыс беруші үлкен қателік жіберген,- дейді. Бұл ретте қарт анаға Нұр Отан партиясының заңгерлері де көмек қолын созады. Павлодар қаласының тұрғыны Рямиля Садықованы ұлының болашағы алаңдатады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 111 балл жинаған баласы  мемлекеттік грантқа ілінеді ме деген сауал мазалайды. Сондықтан, депутаттардан ақыл-кеңес сұрай келген. Халық қалаулылары бұл мәселеде алаңдауға еш негіз жоқтығын айтты. Өйткені, биыл Елбасының бес бастамасы аясында жоғары оқу орындарына түсуге қосымша 20 мың грант бөлініп отыр. Бұдан бөлек, техникалық мамандықтарға әрқашан қолдау жоғары. Депутаттар жеке қабылдауға келген азаматтардың барлық мәселелері қадағалауға алынып, жергілікті билік өкілдерінің де назарына алынатындығын алға тартты.  

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...