ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

19:56, 10 шілде 2018

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Май ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында халық қалаулылары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Ақсу-Курчатов бағытындағы тас жолдың құрылысымен де танысты. Сондай-ақ, Ақжар-Өндіріс шаруа қожалығының егістік алқабын аралап, Көктебеде тұрғындармен қоғамдық қабылдау шарасын да өткізді.

Халық қалаулылары  жұмыс сапары барысында  Ақсу-Курчатов тас жолының бойына аялдап, ресубликалық маңызы бар автожолдың құрылысымен танысты.  Бұл аумақта өткен жылдан бері  24,5 шақырымды құрайтын жолға асфальт  төселуде. Қазіргі күнде жұмыстың негізгі бөлігі аяқталуға жақын.  Құрылысшылар күні-түні екі ауысыммен еңбек етіп, жұмысты уақытынан бұрын аятауды жоспарлап отыр.   

АЗАМАТ БЕКСЕЙІТОВ, «АБК-Автодор НС» ЖШС Павлодар облыстық филиалының директоры

 Жалпы құны жобаның 2 млрд 900. Оның биылға қалғаны 1 млрд 245 млн. Осы күнге 650 млн теңге ұйғарылды. Биылға қалғаны 9 км 340 метр. Оның жер асты жұмыстары бітті. Енді 5 шақырым иасфальт қалды салатын.  Енді жұмысты тамыз айына дейін бітеріміз деген ойымыз бар. 

 

Бұдан кейін депутаттар аудан орталығы Көктебеде болып, қоғамдық қабылдау шарасын өткізді. Халық қалаулылларының қабылдауына келгендердің  бірі – Салтанат Ахмедиянова. Ол өзі туып өскен Малайсары ауылы мен көрші Саты және Майтүбек елді-мекендерінде ұялы байланыс қызметінің нашар екендігін жеткізді.  

 

Альберт РАУ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Бүгінгі күнде өңірде кең жолақты интернетпен 27 елдімекен  қамтылу керек болса, қазірде  бұл көрсеткіш 29%  жеткен. Біз 2022 жылы барлығын байланыспен қамтуымыз керек. Сондықтан бұл  мәселе біздің назарымызда. Алдағы уақытта министрлікке хат  жолдайтын боламыз. 

Сондай-ақ,  сапар барысында  Мәжіліс депутаттары «Ақжар-Өндіріс»  шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Негізіннен  мал шаруашылығымен айналысатын серіктестік  өткен жылдан  бері өсімдік шаруашылығын да қолға алған. Биыл  мың гектарға жерге тары, 80 гектарға картоп пен сәбіз өнімін егіпті. Халық қалаулылары Көктебе орта мектебінде болып, IT сыныпты аралап көрді. Биылғы жылы ашылған заманауи орталық  оқушыларға  компьютерлік бағдарламалау  негіздерін үйрететін болады.  Елбасының «Цифрлық Қазақстан»  бағдарласының аясында  Баскөл ауылында  мәдениет үйі жанынан  коворкинг орталығы  ашылған.  Сапар  аясында депутаттар аталмыш орталықтың да жұмысымен танысты.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
23:00, 13 шілде 2018
ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
21:39, 13 шілде 2018
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...