ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

17:04, 6 қаңтар 2020

Жұмыс сапарымен ел аралауға шыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары Тереңкөл ауданының Песчан ауылында тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынға білім беру, денсаулық сақтау салаларының мамандары, жастар мен кәсіпкерлер, ардагерлер секілді түрлі санаттағы адамдар жиналды.

Песчан ауылдық округі халқының саны үш мыңнан асады. Округке Қарасуық пен Песчан ауылдары кіреді. Ауыл тұрғындарымен кездескен Мәжіліс депутаттары елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Мәселен, биылғы 1-қаңтардан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп отыр. Көп балалы отбасылар үшін жаңа форматтағы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылып жатыр. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережесінде өзгерістер бар. Осы реформалардың ой-шұңқырын халыққа айтып берді.

Айзада Құрманова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

2020 жылдың 1-қаңтарынан өзінің күшіне енген заңдарды қалай жұмыс істейтін болады, ол заңдар жергілікті тұрғындардың өміріне қалай әсер етеді? Сол өзгерістер туралы біз тұрғындарға толық ақпарат береміз. Бірінші өзгерістер өздеріңіз білесіздер әлеуметтік төлемдерге қатысты.

Сонымен қатар, жиында жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру және іске асыру мәселелері талқыланды. Жергілікті бюджетті қалыптастыруға тұрғындар да ат салысу керек, деген пікір айтады халық қалаулылары. Ауыл тұрғындары су тазарту құрылысын қайта құру мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, осы мәселені шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Айзада Құрманова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Ауылдың ең өзекті мәселесі ол – таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл мәселені біз өзіміздің бақылауымызға алатын боламыз. Тиісті құжаттар дайын болғаннан кейін, ол республикалық бюджеттегі қаражат бөлуге ат салысатын боламыз.

Халықпен кездесуден кейін мәжіліс депутаттары Песчандағы көп бала тәрбиелеп отырған шаңырақтарға бас сұғып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...