ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

19:47, 15 қараша 2019

Бүгін облыс орталығында Мәуліт мерекесі тойланды. Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл айда Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген. Бұл мереке еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тойланып жүр. Сондай-ақ, осы күні Хижри күнтізбесі бойынша жыл басы болып есептеледі.

Мәуліт – мұсылмандардың ең ұлық мерекесі. Адамзаттың асылы, соңғы Пайғамбардың туған күні. Мереке қарсаңында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы мен М.Жүсіп атындағы орталық мешіт бірлесе ауқымды шара өткізді. Себебі, бұл ай – басқа айлардан ерекше.

Жолдас Қажы қоспақұлы, ҚМБД Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:

Демек, Алланы біз жақсы көреміз бе, міндетті түрде Мұхамедті жақсы көруіміз керек. Сондықтан да міне, жылдағыдай біздің әдетке сәйкес, республика бойынша және ислам әлемінде Мәуліт мейрамы тойланып келе жатыр. Сондықтан бұл жолы мұсылмандардың күнтізбесі өзгеруіне байланысты Мәуліт айы осы қарашаның басынан басталды.

Шараға республика көлеміне танымал тұлғалар белгілі теолог ғалымдар мен айтыскер ақындар арнайы шақырылған. Олар, Ертіс-Баян өңіріндегі ауқымды мерекеге атсалысқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді.

Дидар Қамиев, айтыскер ақын:

Бүгін енді қасиетті жұма күні. Осындай ерекше ай керемет тоғысқан күн болып тұр. Халыққа бір рухани азық беретін сондай бір ерекше күн, ерекше кеш. Сондықтан келгеніме қуаныштымын. Бойымыздағы Алла берген өнерді Алланы, Пайғамбарды ұлықтап, насихаттауға жұмсаймыз.

Мерекелік концерт барысында илләһи әндер шырқалып, пайғамбарға салауат айтылды. Сонымен қатар, ғаламның рақым нұрына айналған Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянынан үзінділер оқылды. Сөз қадірін түсінетін көпшілікке арнау да ұсынылды. Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі облыс орталығында бастау алып отыр. Әрі қарай өңірдің аудан қалаларында жалғасын таппақ. Естеріңізге салып өтейік, бұл Нәби тойы бір ай көлемінде аталып өтіледі.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...