ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

МЕШІТТЕРДЕ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ

21:05, 13 шілде 2020

Бүгін ел бойынша барлық өңір мешіттерінде сырқат салдарынан көз жұмған марқұмдарға хатым құраны бағышталды. Осы індет кесірінен өкінішке қарай, қаншама үлгі тұтар ардақты азаматтарымыз жер қойнына тапсырылды.

Жалпыұлттық аза тұту күні барлық өңірлердегі мешіт-медреселерде Құран хатым дұғасы жасалды.  Хатым дұғасы жаман індеттен қайтыс болғандарға, мұсылман жұртшылығының марқұмдарына бағышталды. Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы да марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфтиі:

Қайғылы хабарлар  баршамыздың қабырғамызды қайыстырып, елдің еңсесін түсіруде. Осы ретте жұқпалы індеттен, қайтыс болған азаматтардың жақын  жұрағаттары мен  ағайын туғандарына өз атымнан тағы да көңіл айтамын. Марқұмдарға алладан рақым, пайғамбардан шапағат тілеймін. Алыд пейіш, арты кеніш болғай.

Сондай-ақ, өңіріміздің қала, аудан мешіттерінде 30 пара бір реттен оқылып шықты. Бүгін ең соңғысы орталық Мәшһүр-Жүсіп бас мешітінде оқылды.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы:

Енді әрине өз атымнан жалпы дін қызметкерлері атынан мына қаза болған қызметкерлердің шаңырақтарына көңіл айтамын. Алла тағала қалған туған туысқандарына сабырлық берсін. Имандылық берсін. Мынадай қиын кезеңде әрине біз бірімізді қолдауымыз керек, қуаттауымыз керек. және біздер бір нәрсені білуіміз керек. Бұл Алланың сынағы. Сынақ әркімге әртүрлі беріледі. 

Сондай-ақ, облыстың бас имамы, басқа түскен істің де сынақтың да себебі бар дейді. Барлығы уақытша. Тұрғындар тек тәртіпке бағынып, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс. Сондықтан, Жолқас қажы Қоспақұлы - павлодарлықтарды дәрігерлер мен мамандардың айтқан кеңесіне құлақ асып, карантин талаптарын сақтауға шақырды. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...