ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МЕНІҢ ТУЫМ-МЕНІҢ ОТАНЫМ

19:45, 8 қараша 2019

«Менің туым - менің Отаным» республикалық акциясы 13-ші қазан күні Алматы қаласында бастау алған болатын. Бұл шараға қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері де өз қолдауларын көрсетті.

Рес­пуб­ли­ка­­лық акцияға Қазақстанның мемлекет­тік Туын бел­сенді на­сихаттайтын павлодарлық жас­тар да үн қосып отыр. «Менің туым - Менің Отаным» республикалық акциясының мақсаты – мем­­ле­кеттік Туды насихаттау жә­не қазақ­стандық жастарды па­трио­ти­з­м­ге тәрбиелеу. Бұл бастаманы «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қолға алған еді. Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты.

Дархан Қаржаубай, С.Торайғыров университеті  жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры:

Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік ту бұл мемлекеттік рәміздердің бірі. Сондықтан әрбір студент, әрбір қызметкер мемлекеттік туымызды көріп, өз патриоттық сезіміне келеді. Жағымды эмоциаларды тудырады.

Қазақстан Республикасының Мем­ле­кет­тік рәміздерін қабылдау про­цесіне Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қосқан үлесі орасан зор. Ел­басының тікелей жетекшілі­гі­мен 1992 жылы жаңа мем­­ле­кет­тік нышандарды даяр­­­лау бойынша жұмыс то­бы құ­рыл­­ған болатын. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко де қатысты.

Илья Теренченко, облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Геннадий Головкин, Димаш Құдайбергенов сияқты спортшы жұлдыздарымыз, біздің елдің мақтанышы. Осы адамдарға қарап, патриоттық сезімін оянады. Мен барлығыңызға тек қана сәттілік тілеп, туымызды мақтанышпен көтергендеріңізді қалаймын.

Республикалық акцияны қолдау туралы бастаманы университет жастары өздері ұсынғаны қуантады. Бұл болашақ ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігін білдіреді.

Нұрсұлтан Ақылбек, студент:

Бұл іс-шара, бұл акцияны біз республикалық акцияны жалғастырудамыз, яғни бұл дегеніміз «Менің туым – менің елім» еліміздің патриоттық сезімін студенттердің және жастардың патриоттық сезімін ояту болып табылады. Бұл жастардың, қазіргі кездегі студенттердің тек қана студенттер емес, мектеп оқушыларының да Отанына деген қызушылығын, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Шара соңында университетте мемлекеттік Ту орнатылды. Ал жастар мен партия өкілдері естелікке суретке түсті.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Валерия СТЕПЧУК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...