ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МЕНІҢ КӨРКЕЙГЕН ҚАЛАМ

10:49, 30 маусым 2020

Павлодарда «Менің көркейген қалам» атты ландшафтты дизайн сызбаларының сайысы басталды. Оған қатысуға кәсіби және әуесқой дизейнерлер, сәндік қолданбалы өнер шеберлері, студенттер ниет білдіре алады.

Павлодарлық суретшілер мен  ландшафтты дизайн шеберлері шаһардың көркейе түсуіне өз үлестерін қоса алады. Қалалық мәдениет бөлімі Естай атындағы мәдениет сарайының жастарымен ең үздік сызбаға сайыс ұйымдастырды.  

Жанна Баженова, Естай атындағы мәдениет сарайының жастармен жұмыс жасау бөлімшесінің ұйымдастырушысы:    

Бұл конкурстың мақсаты мен міндеті қаламыздың келбетін көркейту, тұрғындар демалатын орындарды көбейту. Көшеде жүрген кезде көзді қуандататын орындар санын арттыру.

Әділ қазы алқалары жұмыстың шеберлік деңгейіне, сызбаның қиындығына, жаңашылдығына, авторлық даралығына, эстетикалық көрінісі мен композициялық шешіміне баға беретін болады.

Жанна Баженова, Естай атындағы мәдениет сарайының жастармен жұмыс жасау бөлімшесінің ұйымдастырушысы:    

Сайысқа қатысу үшін ландшафтты дизайндегі үш жұмысты ұйымдастырушылардың мекен жайына жіберуі керек. Түрлі түсті үйлесімде, үш өлшемді  ракурста   және қай жерде орналасатыны белгілі болуы керек.Үшіншісі жұмысты қорғау керек.   

Сайыс 13-ші мен 16-ші шілде аралығында өтеді. Нәтижелері 18 күні қала күнінде жария етіледі. Естеріңізге сала кетейік, өтініштер 10 шілдеге дейін қабылданады. 

 

Самал Қалиқызы, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
11:23, 15 шілде 2020
АҚСУДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар