ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

МӘМС: ҚЫМБАТ ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН КӨРСЕТІЛУДЕ

11:17, 13 ақпан 2020

Елімізде іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде - қымбат медициналық қызметтер, оталар тегін көрсетіле бастады. Жаңа әлеуметтік жоба аясында күрделі ота жасауға кезекте тұрған науқастар саны да азайған. Сақтандыру жүйесі бойынша аяғына операция жасатқан тұрғынмен сұхбаттасып қайтты.

54 жастағы Мұрат Қайыргелдинов Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының тұрғыны. Оң жақ тізесі ауырып, бірнеше жыл бойы жанына  батты. Дәрігерлер ота жасау керек деді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын тізе буынын ауыстыру отасы тегін жасалды.

Мұрат Қайыргелдинов, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

Ақтоғай аудандық емханасында тіркелгенде олар айтты олар ота жасау керек, аяғым жүрмей, сүйретіліп жүргенмін. Осында кеп міне ота жасадым. Енді барлығы тегін жасалды. Дәрі-дәрмек тегін, тамақтары өте керемет. Қарым-қатынас мында жылы, сыпайы сөйлейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде облыстық ауруханада жамбас және тізе буынын протездеу саны бойынша көрсеткіш 30-дан 48-ге дейін жеткен. Офтальмологиялық аурулар бойынша бір айдың ішінде 100 операция жасалды. Алдағы уақытта осындай отаның 150-і жасалады деп жоспарланған. Әлеуметтік жоба өз жұмысын бастаған кезден бастап, қызметтерді қаржыландыру ұлғайды. Бұл өз кезегінде буындарды протездеу және көру мүшелерін қалпына келтіру бойынша науқастардың қатары азайған.

Арман Мұсабеков, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана басшысының м.а:

Сондай-ақ, жаңа жүйе арқылы науқастар компьютерлік томография, магнитті резонансты томография сынды қымбат  лабораторлық зерттеулерді тегін ала алады. Одан бөлек, ультра дыбыстық зерттеу, фгдс, колоноскопия да ақысыз жасалады.

Емдеу мекемесінде қазіргі уақытта сан-жамбас буындарын ауыстыру бойынша оталар жиі жасалады. Мұндай операцияға зәру науқастар да жоқ емес.

Андрей Пороховой, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы жарақат бөлімшесінің травматолог дәрігері:

Біз жамбас буындарын ауыстыру операциясын  201 жылы, тізе буындарын ауыстыру операциясын 2013 жылдан бері жүргіземіз. Бұл бағытта тәжірибеміз бар. Жоспарлы отаны күткен азаматтардың барлығына операция медициналық сақтандыру аясында жасалады. Мәселен, эндопротездеудің құны 1 миллион теңгеден асады.

Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1 ақпаннан бастап  күндізгі стационар бөлімі өз жұмысын бастады. Емдеу бөлімі барлығы 15 арналған. Мұнда аллергиялық есекжем, қабырғааралық невралгия, холестицид, бронхит сынды диагноз қойылған науқастар келіп, ем ала алады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
09:54, 20 ақпан 2020
ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРУДЕ БАЛА САНЫ ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Толығырақ...