ШҰҒЫЛ! "5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР – ТРАМВАЙДА

19:05, 12 тамыз 2019

Қаламызда мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес беретін және Еgov порталында жұмыс істеу бойынша көрнекі ақпаратты алуға болатын трамвайлар жүре бастады. Акция бастамашылары – Облыстық әкімдік аппараты мен Павлодар қалалық трамвай басқармасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясының облыстық филиалы.

Вагонда көрсетілетін қызметті алушыларға бұл трамвайды жазбай тануға болады. Себебі, вагонның іші-сырты арнайы безендіріліп, қағаз түріндегі ақпараттар молынан орналастырылған.  Жергілікті билік өкілдері бұл науқанның халыққа берері көп, -  деп сенеді. Демек, сол уақытты зая кетірмей, бірер минуттардың ішінде қыруар жұмысты тындырып алуға жағдай туып тұрса,  бұл -  мемлекет тарапынан үлкен көмек. Трамвайға мінген әр жолаушы қажет болған жағдайда біржолғы смс пароль арқылы 44 маңызы бар мемлекеттік қызметтерді алуға кеңес ала алады. Еgov арқылы құжаттарды рәсімдеу үшін бар-жоғы – қалтаңызда ұялы телефоныңыз бен жеке бас куәлігіңіз болса, болғаны.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІП ПЕН САҚТЫҚ
11:53, 21 қараша 2019
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІП ПЕН САҚТЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ
12:34, 19 қараша 2019
"5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...