ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ

21:39, 13 шілде 2020

Ковид-19 вирусының өршуіне байланысты, мемлекеттік қызметтердің барлығы қазір қашықтан беріліп, электронды түрде ұсынылып жатыр. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін алдын ала бронь алу керек. Қандай қызметтерді электронды түрде алуға болады?

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес - коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлері онлайн режимде көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының мәлімдеуінше,  халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осыған байланысты Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтерді қарастырды. Өтініштер eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігі бар.

Гүлбақыт Қазкеева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ПОФ бас сарапшысы:

Қазіргі таңда электронды өтініш бойынша 24 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады.  Бұл жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы төлемін тағайындау, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді тағайындау.

Сондай-ақ, алдағы уақытта аталмыш 24 мемлекеттік қызметтің қатары 6 қызметпен толығады. Оның ішінде жерлеуге байланысты бір жолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау сынды мемлекеттік қызмет түрлері бар.

Гүлбақыт Қазкеева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ПОФ бас сарапшысы:

Азаматқа жоғарыдағы өтініштердің кез келгеніне өтініш білдіру үшін егов порталына электронды цифрлы қолтаңба арқылы тіркелу керек. Қажетті қызметтің түрін тауып, оған онлайн түрде өтінім білдіру керек. Сосын жеке мәліметтерді толтырады. Электронды мекенжай, тұрғылықты мекенжай,  байланыс нөмірі мен ұсынатын қызметтің түрін таңдайды. Міндетті түрде құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу керек.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі. Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...