ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

15:57, 24 маусым 2019

«Ertis Promenad» сахнасында мемлекеттік қызметкерлер мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облысымыздың барша мемлекеттік қызметшілері жиналды. Еңбегі сіңген бірқатар қызметшілер облыс әкімі тарапынан марапатқа ие болды.

Облысымызда мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында 5000-ға жуық маман еңбек етеді. Бүгінде олардың 60-тан астамы облыс әкімі Болат Бақауов пен мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Әділбек Мұқашевтың атынан грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. Шарада мемлекеттік қызметшілер әнұраны таныстырылды. Әннің авторы облыстың танымал композиторы Бақытжан Жұмаділдинов. Оның айтуынша, бұл идеяны облыстық әкімшілік пен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент қолдаған.

Салтанатты іс-шара облыс әкімінің қатысуымен өтті. Өңір басшысы өз әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік қызметкерлер – табысты мемлекеттің, яғни қоғамның кепілі екенін айтты.

Болат Бақауов, облыс әкімі:  

Баршаңызды мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын. Биыл бұл мереке 3-ші жыл аталып өтуде. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілердің еңбегі көзге көрінбей өтеді. Бірақ, «Біздің міндет – халыққа қызмет» - деген ұранды қолға алып, олар тынымсыз жұмыс істейді.

Маржан Асайынова мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық еңбек етеді. Қызмет жолын 22 жасында бастаған. Алғашқы тәлімгері жақсы болғандығын айтады. Бұл күні көп жылғы нәтижелі еңбегі мен өз ісіне деген адал қызметі үшін марапатқа ие болды.

 

Маржан Асайынова, қалалық мәслихаттың аппарат жетекшісі:

Государственная служба это прежде всего ответственность.... АУДАРМА: Мемлекеттік қызмет ең біріншіден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Барлық заңды білу керек. Халықтың қамы үшін еңбектену қажет. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтап, жұмыстары табыс тілеймін.

 

Шаһар басшысы Әнуар Күмпекеев де өз әріптестерін құттықтады. «Халық игілігі үшін жұмыс істеу – бұл біздің ұстанымымыз»,- деп атап өтті.

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі:

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы қиын, жауапкершілі мол. Сондықтан біз з тарапымыздан халыққа шын жүрегімізден сенімді болып, жұмыс атқарумыз қажет. Әріптестер, тілейтінім қуатты болыңыздар.

Сондай-ақ, Ертіс телеарнасының директоры Гүлнаш Әбішева және бас редактор Гүлмира Бақтиярова мен редактор Галина Трощева марапатқа ие болды. Шара соңы эстрада жұлдызы, жерлесіміз Жанар Доғалова әннен шашу шашты.

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...