ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ

15:36, 11 маусым 2019

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді дамыту мәселелерін жіті қадағалап, бақылауда. Бес ай ішінде облыстың мемлекеттік органдарында 14 бақылау өткізіліп, 2193 бұзушылық анықталды.

Департамент облыста мемлекеттік қызметтердің санын және қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады. Реестрге сәйкес 709 мемлекеттік  қызмет көрсетілді. Жалпы 2019 жылдың 1 тоқсанында департаментпен 2 млнға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш. Бес ай ішінде облыстың меморгандарында 14 бақылау өткізіліп, 2193 бұзушылық анықталды.

Аягөз Мүсәпірова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменінің басқарма басшысы:

Олардың 1942-сі қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына байланысты . Атап айтқанда, 200-і артық құжаттарды талап ету, алтауы мерзімді бұзуға қатысты болып шықты. Сондай-ақ, тексеріс барысында алты мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 5 айында Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 21 өтініш келіп түскен. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті халықпен кері байланыс орнатып, азаматтарды мемлекеттік қызмет алу кезінде олардың құқықтары бұзылса, қағидатты ұстанымды атқаруға шақырады.

 

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...