ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

15:11, 20 маусым 2019

«Мемлекеттік қызмет» айдарының бүгінгі кейіпкері 29 жастағы Абылай Сабыров. Жас маман аймақтық еңбек басқармасында еңбек етеді. Жастығына қарамастан білікті маман білдей бір бөлімді басқарып отыр.

Абылай Сабыров  жоғары білімді, металлург. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметке жастар практикасынан өту үшін келді.  Мемлекеттік қызметте жарты жыл жұмыс істегеннен кейін осы салада тұрақтап қалуға шешім қабылдаған.  

Абылай сабыров, қауіпсіздік бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің жетекшісі:

Бастапқыда маған өндірістік кәсіпорында жұмыс істеуге кеңес берді. Бұл қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан бөлімнің жұмысымен жақсы танысу үшін де қажет. Мен мында тәжірбие жинақтадым.

Екі жыл өндірісте жұмыс істгеннен кейін ол басқармадағы жұмысқа қайта оралады. 3 жыл бойы қауіпсіздік бақылау мен еңбекті қорғау бөлімінде маман болып еңбек етті. Екі жылдан кейін конкурстан өтіп, бөлім жетекшісі болып тағайындалды. 

Абылай Сабыров, қауіпсіздік бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің жетекшісі:

Мемлекетттік қызметте мен күнделікті қызметкерлерге көмек беруге даярмын. Мен өз қызеткерлеріме  ең бастысы  сіздерде бұл адамдардың орнында болып, ауыртпалықты сезінулерің керек, деп ылғи айтып отырамын. Әрбір мемлекеттік қызметкердің бойында адамгершілік пен өз ісіне жауапкершілік болуы керек

Абылай Сабыровтың қарамағында 3 адам жұмыс істейді. Олардың міндеті өндірістік қауіпсіздікті бақылап, орын алған апаттық оқиғаларды зерттеу. 

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЛЕНДЖДІ САУДА НҮКТЕЛЕРІ ДЕ ҚОЛДАДЫ
10:44, 28 қаңтар 2020
ЧЕЛЛЕНДЖДІ САУДА НҮКТЕЛЕРІ ДЕ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар