ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!

19:08, 16 тамыз 2019

Жыл сайын тамыз айында халықаралық жастар күті атап өтіледі. Осы орайда қалалық ішкі саясат бөлімі «Самал» оңалту орталығымен бірлесіп шаһардың орталық саябағында мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара барасында қаланың белсенді жастары әкімнің алғыс хаттарымен марапатталды.

Орталық саябаққа жиналған қауымды ерекше көңіл-күй құшағында. Жастарды мерекелерімен құттықтай келген билік өкілдері, Жастар жылы қарсаңында оларға үлкен сенім артылып отырғандығын атап өтті.

Нәйлә Ахметова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

Баршаңызға мәлім, биылғы 2019 жыл – жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай, тамыз айынан бастап, бірнеше іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біздің жастар енді, біздің болашағымыз. Әр мемлекеттің болашағы – жастардың қолында. Сол үшін біз жастарды әрдайым қолдаймыз. Әрқашан да құрметтейміз. Өз тарапымыздан, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, осындай талантты, дарынды жастарды әрқашан да қолдауға дайынбыз.

Аталмыш шарада қаламыздың ең белсенді деген жастары және де қоғамдық бірлестік көшбасшылары сый құрметке бөленді. Солардың қатарында шығармашылық салаға қалам тербеп жүрген жас әріптестеріміз де бар.

Оразбек Саяхат, журналист:

Осы жылдың ішінде жастарға қатысты көптеген ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін, қоғамдағы алатын орнын, маңыздылығын арттыру үшін  көптеген шаралар атқарылып жатыр. Менмлекет тарапынан, басшылық тарапынан. Бүгін міне, Қазақстан ассамблеясы қалалық саябақта қала басшылығы осы қаланың өміріне өздерінің үлесін қосқан жастарды марапаттап жатыр. Осы үшін қала басшылығына алғыс білдіреміз.

Саябақ сахнасында танымал әуендер орындалып, түрлі қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ бұл мерекеде жастар патриоттық әндерден де шашу шашты.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...