ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!

19:05, 16 тамыз 2019

Мемлекет басшысының 10 басым бағытын жүзеге асыру аясында «Бірге» жобасы жалғасын табуда. Успен ауданының тұрғыны өз кәсібін туған ауылында нөлден бастап аша алды. Бұған оған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің «Еңбек» бағдарламасы көмектескен.

Анар Мұсалимова - мамандығы бойынша аспаз. Оның соңғы жұмыс орны мектеп асханасы болған.  Бес жылдан астам уақыт бұрын ол кадрларды қысқарту тұсына тап келіп, тұрақты кірісін жоғалтқан.  Ал, бұл жағдайдан шығу жолы – осы «Бастау Бизнес» жобасына қатысу болды, - дейді ол. Айтуынша, Анар  өзіне мемлекет тарапынан осындай мүмкіндіктер туып жатқандығын алғаш рет ағымдағы жылдың мамыр айында теледидардан жаңалықтар көріп отырып білген.

Анар Мұсалимова,  «Еңбек» бағдарламасына қатысушы:

Мұны естігеннен кейін мен бірден жұмыспен қамту орталығына бардым. Барғанда бұл бағдарламаның шынайы екендігіне көзім жетті. Егер мемлекет осындай мүмкіндік жасап жатса, неге оқымасқа? Оқу курсынан өттім де, гранттық қаражатқа  нан пісіруге қажетті құрылғыларды сатып алдым. 

100 АЕК мөлшеріндегі  грант қондырғының шығындарын толықтай төледі. 240 мың теңге тегін берілді, - дейді кәсіпкер. Айтпақшы, биылғы жылдың 1 тамызына дейін бизнес-бастамаларды дамытуға 448 осындай грант берілді. Оларды алу үшін арнайы оқу курсынан өту керек. Сондай-ақ оның қатысушыларына 15 мың теңге көлеміндегі біржолғы шәкіртақы да қарастырылған. Бір ай ішінде  идея жаттыққан сәттен бастап, жобаны әзірлеу кезінде және оны іске асырғанға дейін бизнес-жаттықтырушылар оқу курсын аяқтаған азаматтарға үнемі кеңес беріп  жүреді.

Анар Мұсалимова, «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы:

Басында менде бәрі жақсы болды. Менің нандарым – ең арзаны, 70 теңгеден. Қазір  екі дүкенді қамтып отырмын. Әрине, мен ары қарай бөлішке және түрлі басқа да нандарға тапсырыс алғым келеді, бірақ, оған үйім тар, кең орын алғым келеді.

Бүгінгі таңда өндіріс орындары көп пайда әкелмейді, шикізат, электр энергиясының шығындары да жоқ емес, тапсырыстар да азая бастайды, - дейді Анар Мұсалимова. Бұрын ол күніне 60 бөлке нан  пісірсе,  қазір 20 ның үстінде екенін айтады. Бірақ кәсіпкер  бас тартпайды, ол наубайхана комбинатының артықшылығы - кең көлемде ұн өнімдерінің мол түрін ұсынуында, -  деп біледі. Ол үшін наубайханамды кеңейтсем деп үміттенеді. Дәл қазір Анар  шағын несие алу жолдарын қарастырып,  шарттарымен танысуда. Мемлекеттік бағдарламалардың  оған өз ісін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сеніммен қарайды.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ, Дария ЖҰМАБЕКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...