ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

20:30, 9 тамыз 2020

Павлодар ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Ауыл-ел бесігі» бағдарламалары белсенді жүзеге асырылуда. Онда әлеуметтік маңызы бар нысандар қалпына келтіріліп, жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Чернорецк ауылындағы мына 16 пәтерлі жатақхана «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жөнделіп жатыр. Екі қабатты ғимарат осыған дейін бірнеше жыл бос тұрды. Енді нысан баспанаға мұқтаж адамдардың қолданысына беріледі.

Серік Омаров, Чернорецк ауылдық округінің әкімі: 

Ең алдымен баспана балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жас отбасыларға, жетімдер мен көп балалы аналарға беріледі. Бос орындар қалып жатса, жас мамандар мен ұстаздар ұсынамыз.

Ғимаратта 8 бір бөлмелі, 4 екі бөлмелі және 4 үш бөлмелі пәтерлер бар. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 41 миллион теңге бөлінген. Жаздың соңына дейін жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Ал Чернорецк ауылдық мектебінде «Ауыл ел бесегі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 260 оқушы білім алады. Ғимараттың терезелері ауыстырылды. Енді жолдарға тас төсемелер салынып жатыр. Бұл мақсатқа 31 миллион теңге бөлінген.

Әсия Абылғазинова, Чернорецк ЖОББ мектебінің директоры:

Мұндағы терезелер 61-шы жылдан бері ауыстырылмаған. Ағаштан жасалған, әбден тозығы жеткен терезелер болды. Ал қазір, пластикалық, сыртқы келбеті де басқаша, бастысы қыста жылы болады.

Сонымен қатар, мұнда 200 орынған шақталған жергілікті мәдениет үйі де қалпына келтірілуде. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 44 миллион теңге бөлінген. Ғимараттың қасбеті, шатыры, жылу және электр жүйесіне күрделі жөндеу жасалып, мәдениет үйінің алдына тас төсемелер салынады. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады дейді мамандар.

Мегенбек Бердіханұлы, Чернорецк ауылдық мәдениет үйінің директоры:

Мынау мәдениет үйімізде, халықтың серуендеп, демалатын қызық өткізетін жері. Бұл жерде үлкендермен ауылымыздың мақтанышы болған «Черорецк» халық хоры өнерін көрсетеді. Халықтық атағын қорғаған. Әжелеріміз үйде отырмасын деп, әжелер ансамблін ұйымдастырғанбыз.

Сонымен қатар, мұнда балаларға арналған асық ойнау, домбыра үйірмелері де бар. Айта кетерлігі, Чернорецк ауылында жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осы нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыс тауып, жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылды. Бұдан бөлек, 3 көшенің жолын асфасльт төселді. Қалпына келтіру жұмыстары Чернорецк ауылының 300 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгені қуантады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...