Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

14:18, 20 сәуір 2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуге Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев секлді белгілі жазушылар қатысты.

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.

Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтары да сөз болды.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы болды
18:46, 22 қаңтар 2018
Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы б...
Толығырақ...
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі
18:22, 22 қаңтар 2018
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтк...
Толығырақ...
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
18:08, 22 қаңтар 2018
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
13:34, 19 қаңтар 2018
ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
18:26, 17 қаңтар 2018
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
Толығырақ...