ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

20:28, 12 қазан 2020

Аққулы ауданында мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылуда. Тұрғындар да игілігін көріп жатыр. Аудан мектептерінің біріне «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 37 млн теңгеге күрделі жөңдеу жасалды.

Бекмұрат Уахатов мектебі 1996 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері ғимарат ешбір жөңдеу көрмепті. Биыл мемлекеттік бағдарлама арқасында білім ошағына алғаш рет күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Ержан Құсманұлы, Бекмұрат Уахатов мектебінің директоры:

Ол кезде шатырдың сапасы дұрыс болмады. Отқазандықтың да жағдайы өте қиын болды. Біз суықты да көрдік. Шатыр да дұрыс болмаған. Жел болғанда, шатырмыз ұшып кететін.

Бұл олқылықтарды жою үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 37 млн теңге қаражат бөлінген. Жоспар бойынша жұмыстар тамыз айында аяқталды.

Ержан Құсманұлы, Бекмұрат Уахатов мектебінің директоры:

Шатырды ауыстырды. Ішкі жұмыстар. Терезелер мен есіктер ауыстырылды. Жаңа есіктер қойылды. Кафель төселді. Екінші қабатта қабырғалар түзетілді. Сондай жұмыстар атқарылды.

Даяна Сержанова, оқушы:

Қазір мектебіміз жарық, өте жылы. Оқу үшін барлық жағдай жасалған. Бұрын жарық қатты түспейтін. Біраз суықтау болатын. Тонып отыратынбыз. Ал, қазір кәдімгідей жылы.

Мерғалым ауылының мектебінде барлығы 95 оқушы білім алады. Білім ордасында 20-ға жуық бала баратын шағын орталық та жұмыс істейді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар