ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ

19:39, 22 тамыз 2019

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Ата-аналар балаларын мектепке әзірлеумен әуре. Бұл дегеніміз, оқу жылының басталуына аз ғана күн қалғанын көрсетеді. Бүгінде 1-нші қыркүйекке қажеттінің барлығын сатып алу оңай емес, әсіресе көпбалалы отбасыларға қиынға соғады.

Бауыржановтар отбасында 7 бала бар. Үлкен ұлы студент, кішісі - үш жаста, қалған бесеуі - мектеп оқушылары. Солардың бірі биыл бірінші сыныпқа барады. Бес баланы бірдей мектепке дайындау қиын,- дейді көп балалы ана. Атаулы әлеуметтік көмекке үміттілердің бірі болған, алайда осы айдағы ақшасы есепке алынбаған.

Жібек Құлағнанова, көп балалы ана:

Міне, осы айдан бері атаулы әлеуметтік көмек беруді тоқтатты, барлық аз қамтылған және көп балалы аналарда неге тоқтатты деп  үрейленіп отыр. Бірақ олар қыркүйек айының басында төленеді деп уәде берді.  Кеше ғана олар АӘК төленбейтінін хабарлаған еді, бүгін декреттік ақша түскені туралы хабарлама келді. Сол ақшамен балаларыма киіп алып беремін.

Алтын құрсақты ананың балалары оқитын мектептен қоңырау түсіп, мектеп әкімшілігі қуантты.

Жібек Құлағнанова, көп балалы ана:

37 мектептің әлеуметтік педагогы  хабарласып, бірінші сыныпқа баратын балама сөмке, костюмның өлшемін сұрады. Екі балам 35 мектепке барады, олар да хабарласып 1 қыркүйекке дейін кеңсе заттары берілетінін айтты. 

Ал, тамыз айының басында бұл отбасы кезекті рет «Мектепке жол» акциясына қатысып, «NUR OTAN» партиясының облыстық филиалынан жаңа оқу жылы қарсаңында көмек алды. Жалпы, көп балалы ананың көңілі жай. Олар мемлекет пен демеушілердің көмегіне риза. Жібек Құлағнанова оқу жылының басталуын басқалардан гөрі жақсы қарсы алатынына сенімді.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...