ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

«МЕЙІРІМДІЛІК ЖОЛЫМЕН»

11:50, 17 ақпан 2020

Еріктілер жылының аясында «Мейірімділік жолымен» деген атаумен ойын-сауық бағдарламасы болып өтті. «Колос» мәдени орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен Павлодар ауданындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін арнайы ұйымдастырылды.

Орталықтағы атмосфера бүгін өзгеше. Себебі, мәдени орталықтың қызметкерлері - кішкентай қонақтарға ерекше концерттік бағдарлама дайындапты. Әлия Асанова аталмыш орталықтағы «Апельсин» вокалдық ансамбілінің қатысушысы. Бүгін ол «Біз Қазақстанның балаларымыз» деген әнін ерекше сезіммен шырқады. Сонымен қатар, шақырылған қонақтарға театрландырылған қойылым сахналанды.  Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін басқа планеталықтардан құтқарады. Ертегі арқылы әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі – жер шарындағы тазалық және табиғатқа деген қорғаныш сезімін ұялатуға негізделген.

Алтынай Ержанова, «Колос» балалар мәдени-ойын-сауық   орталығының әдіскері:

Осылайша біз балалардың туған жерге деген сезімін, сүйіспеншілігін, содан кейін жануарлар әлеміне, өсімдік әлеміне сүйіспеншілігін дағдыландыруға мақсат қойып отырмыз.

Ертегі балаларға керемет көңіл-күй сыйлағанын аңғаруға болады. Олар өз кезегінде көркемөнерпаздарға қолдау білдіріп, шапалақтарын аямады. Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше әсер беретіні анық. Олардың қоғамнан алыстамай, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятуға септігін тигізеді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...