ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

16:22, 22 мамыр 2020

Павлодар қаласында жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Естай атындағы мәдениет сарайы жөнделіп жатыр. Шатыры мен концерт залы қалыпқа келтірілуде. Аталмыш жұмыстарға қанша қаражат бөлінді?

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған бюджеттен 140 миллион теңге қаржы бөлінген. Қаражаттың басым бөлігі концерттік залға қарастырылған. Онда 900 көрермен орындығы мен сахна ауыстырылады деп жоспарланған.  

Әнуар Қамбаров, құрылыс учаскесінің бастығы:

Қазір біз Естай атындағы мәдениет үйінде ремонттық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Үш этапта жүргізіліп жатыр. Ол 1-этажда санузел мен концерттік зал. Орындықтар ауысады және ковроландық покрытиялар ауысады. Және де төбедегі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал, ғимарат шатырында бұрынғы қабаты алынып, екі қабат рукан материалы төселеді. Жұмыс жүргізілетін төбенің аумағы 3,5 мың шаршы метр. Бүгінде мұнда жөндеу 30 пайызға атқарылды. Қазір құрылыс алаңында 24 адам жұмыс істеп жатыр. Мердігер ұйым мәдениет сарайындағы жөндеуді тамыздың басында аяқтауды жоспарлап отыр. Жалпы, шаһарымызда жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 81 жоба іске асырылады. 5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспараланған.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар