ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

МАС ЖҮРГІЗУШІЛЕР 15 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛАДЫ

21:08, 13 қаңтар 2020

Көлік тізгінін мас күйінде ұстағандарға жаза күшейтілді. 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енігізілген өзгертулер өз күшіне енді. Толықтырулар автокөлікке мас күйінде отырған заң бұзушыларға да тікелей қатысты болмақ. Жаңа заң өз күшіне енген соң, келесі күні Павлодарда рөлге ішімдік ішкен жүргізуші ұсталды.

Өткен жылы елімізде мас көлік жүргізушілердің кесірінен 7 мыңнан аса адам жарақат алып, 100-ге жуығы қаза болды. Сол себепті, осыған байланысты жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылады. 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізілген болатын. Заңның жаңа бөлімдері өз күшіне енген соң, Павлодарда алғаш мас жүргізуші ұсталды. Көлік тізгінін мас күйінде айдаған заңбұзушыға әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің жаңартылған 608 бабының 1-ші бөлімі бойынша жаза тағайындалады.

Бақыт Шоқпарова, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы:

2020 жылдың 12-ші қаңтар күні түнгі сағат 2де Толстой көшесі 92 мекен жайы бойынша полиция қызметкерлері заң бұзушысын ұсталды. Көлік тізгінін мас күйінде айдаған қала тұрғынына қатысты іс әкімшілік сот қарауында болды. Ол 15 тәулікке бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылады.

Жаңа талаптар бойынша, егер жүргізуші мас күйінде көлік тізгініне отырса, жол апаты болмаса да 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынатын болады. Сондай-ақ, ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға дейін айырылады. Қайталанған жағдайда қамау мерзімі 24 тәулікке артады. Ал жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылады. Ал осындай жағдайлар адам өліміне әкеліп соғатын болса, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан, ал көлік басқару құқығынан 10 жылдан бастап өмір бойына дейін айырылуы мүмкін.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар