ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

«МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

19:28, 17 мамыр 2019

Жат жерде жан тапсырған жауынгерлердің денесін, қару-жарағын табуды мақсат еткен «Майдан жолы» іздеу жасағы елге оралды. Ресейдің Ленинград облысынан табылған жәдігерлерді Павлодарға алып келіп, жиналған жұртқа таныстырды.

«Майдан жолы» іздеу жасағының құрамында зауыт қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар және өзге саланың мамандары бар. Биылғы сапарға № 18 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Асхат Мұқанов, өзінің шәкірті Александр Резниковті ерте барды.

Александр Резников –  №18 мектептің 10 сынып оқушысы:

Мен үшін бұл ерекше естен кетпес саяхат болды. Осы жасақтың құрамына мені алғанына өте қуаныштымын! Жастарға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір үлгісі. Бірінші рет барғандықтан ерекше әсерде болдым. Ленингард жеріне барып, жауынгерлердің майдан жолымен жүріп өттік. Батырлардың жеке заттарын әкеліп, оқушыларға таныстыру үстіндеміз. Осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін!

Ғылыми барлау жасағының мүшелері соғыс кезінде қолданған жауынгерлердің жеке заттары мен 1910 жылы шығарылған пулеметтерді тапқан. Нәтижесінде олжалы оралған жасақ мектеп қабырғасында оқушыларға Ресей елінен әкелген заттарын таныстырды.

Асхат Мұханов, №18 мектептің тарих пәнінің мұғалімі:

78 және 1976 двизияда Павлодарлықтар соғысқан. Біз солардың жерленген жерлерін анықтап,  қару жарақтары мен басқа да заттарын тауып алып келдік.

Барлау жұмыстарының нәтижесінде «Майдан жолы» жасағының бастамасымен Кингисепп қаласының азат етілуінің 75 жылдығына  арнап,  қазақстандық жауынгерлердің құрметіне граниттік ескерткіш орнатылды. Аталмыш жоба одан әрмен жалғасын тапса, іздеушілер құнды жауынгерлік мұраларға көптеп жолығары сөзсіз.

 

Бақытнұр ШЕРІКБАЙ

 


 

Тақырып бойынша материалдар

 ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЕЛОРДАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 500 ТОННА ӨНІМ АПАРАДЫ
19:50, 13 қыркүйек 2019
ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЕЛОРДАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 500 ТОННА ӨНІМ АПАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
16:11, 9 қыркүйек 2019
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...