ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МАЙДАН ЖОЛЫ

15:42, 12 қыркүйек 2019

Жат жерде жан тапсырған жауынгерлердің дерегін табумен айналысатын «Майдан жолы» іздеу жасағы №34 мектептің оқушыларымен кездесті. Олар, Ресейдің Калининград облысында өткізген жорықтары жайлы айтып берді.

«Майдан жолы» жасағы 2008 жылы Еуразиялық Топтың құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» негізінде құрылған. Қазіргі таңда жасақ құрамында зауыт қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар және өзге саланың мамандары бар. Жасақтың ұраны «біз сарбазды емес, сарбаз бізді іздейді». 

Асхат Мұқанов, «Майдан жолы» іздеу жасағы командирінің орынбасары:

Биыл біз 11-ші еске алу сағатын өткіздік, Ленинград қаласының қоршаудан шыққанына 70 жыл толды, бұл да мерейтой. Ленинград облысы, Киров ауданында, биік шыңда өтті. Онда біз ресейлік іздеу жасақтарымен бірге жұмыс жасадық. Биылғы құрамда 10 адам бар. 22 жауынгерді таптық.

Барлау жұмыстарының нәтижесінде «Майдан жолы» жасағының бастамасымен Кингисепп қаласының азат етілуінің 75 жылдығына және   қазақстандық жауынгерлердің құрметіне граниттік ескерткіш орнатылды. Олжалы оралған жасақ №34 мектеп оқушыларына Ресей еліне барғандағы қызықтарын баяндап, болашақта өздерінің қатарына қосылуға кеңес берді.

Александр Резников –  №18 мектептің 10-сынып оқушысы:

Біріншіден, біз табиғатта, далада жұмыс жасадық. Орманда болдық, барлығы да далада өтті. Мен кезекшілікте де, іздеуде де жүрдім. Көңіл күйім тек көтеріңкі және менің ойымша осы бастаған ісімді ары қарай жалғастырамын деген ойдамын.

Жиын барысында оқушылар өздеріне керек сұрақтарын қойып, қызуғышылықпен тыңдады. Болашақта аталмыш іздеу жасағы осы жолдарынан таймаса, жауынгерлік құнды мұраларға көптеп жолығары сөзсіз.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ    

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...