ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЛИФТТЕР ЖАҢАРТЫЛУДА

11:40, 8 қараша 2019

Павлодар қаласында тұрғын үйлерде 1500 лифті бар. Соның 80 пайызының тозығы жеткен. Олар күрделі жөндеуді емес, толық жаңартуды талап етеді. Өйткені, көбісінде қауіпсіздің ережелеріне сақталмайды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында шаһардағы жедел сатыларды жаңарту қолға алынған. Осыған дәлел Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 50-ші үй. Жаңартылған құрылғылар жайлы тілші толықтырсын.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Жаңартылған лифтілердің жұмыс жасау мерзімі 25 жылды құрайды. Белоруссияда жасалған құрылғылар бір мезетте 8 адамды тасымалдай алады. Оның үстіне, лифтілер шусыз әрі ыңғайлы қозғалады.

Модернизация бағдарламасы бойынша жаңартылған алғашқы лифтілердің бірі - Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 50-ші үйінде орналасқан. Жаңарту жұмыстарына қала әкімшілігі  тарапынан 50 миллион теңге қаражат бөлініпті. Жергілікті тұрғындар жаңа жедел сатыны қолданып та көрді. Қазіргі уақытта қала бойынша тағы 12 жоба қолға алынды. Мердігер компания тұрғындардың өтініші бойынша жедел сатыларды ыңғайсыздық тудырмау үшін кезек-кезегімен жаңартады.

Михаил Редько, «Павлодарлифтсервис» ЖШС директоры:

Біздің компанияға қатысты Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 81 және 89-шы мекен жайлары бойынша. тағы да 6 лифтіні жаңарту жоспарда бар.  Қазіргі уақытта құжаттар жасалуда. Алдағы аптада бұл мәселе шешіледі. Сараптама құжаттар жіберілгеннен кейін, жұмыс тезірек жүреді.

16 қабатты тұрғын үйдің лифтісінде бөлшектеу жұмыстары қыркүйек айында басталған болатын. Бұрынғы жедел сатының қуаттылығы 500 келі болған. Енді жаңартылған лифтінің жүк көтергіштігі 630 келіні құрайды. Сонымен қатар, мұнда энергия үнемдеуіш жүйесімен қамтылған.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар