ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЛЕНИН КЕНТІНЕ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12:13, 12 қыркүйек 2019

Облыс орталығына қарасты Ленин кентіне жаңа әкімін сайлады. Жасырын дауыс беру арқылы өткен сайлауда мәслихат депутаттарының басым бөлігнінің қолдауына ие болған Маржан Алшымбаева, жеңіске жетті.

Ленин кенті әкімдігіне үш үміткер кандидатурасын ұсынған. Олар, Павлодар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор жетекшісі Марат Қожахметов, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қанат Шайғазин және бұған дейін Солнечный кентін басқарған Маржан Алшымбаева. Жасырын дауыс беру нәтижесінде, Маржан Алшынбаеваға 13 депутаттың  қолдауына ие болып жеңіске жетті.

Александр Маржықбаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлау нәтижесі бойынша, Алшымбаева 13 дауыс, Қожахметов  2 дауыс, Шайғазин 3 дауыс алды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ең көп дауыс жинаған Алшымбаева Маржан болып тұр. Ленин кентінің әкімі болып Маржан Қадырқызы Алшымбаева болып тағайындалады. Алдағы 5 күн ішінде барлық құжаттар рәсімделеді. Бұйрық өз күшіне енген соң, Маржан Алшымбаева өз қызметіне кіріседі.

Маржан Алшымбаева, 1968 жылы Ресейдің Новосібір облысында дүниеге келген. 1989-1997 жылдар Екібастұз қаласында ұстаз болып, 1997-2001 жылдар аралығында Солнечный кентінде мектеп директорының орынбасары болды. Ал, 2011 жылдан биылғы жазға дейін сол қалашықта әкім болған.  

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...