ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЛЕНИН КЕНТІНЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚ

17:09, 28 маусым 2020

Ленин кентінің тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығына зәру. Олар мұндай көмек түрін алу үшін облыс орталығына қатынауға мәжбүр. Бұл өз кезегінде ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз.

«Қамқор» қоғамдық бірлестігі үш жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға тырысып келеді. Ұйым өкілдерінің айтуы бойынша алдында тек уәдемен шектелген, енді іске білек сыбанып кірісетін кез келген көрінеді. 2019 жылдың қыркүйек айында оңалту орталығын ашу үшін жеке ғимарат бөлінген еді. Бірақ, нысан күрделі жөндеуді талап етеді.

Салтанат Сәрсенбаева, «Қамқор» ҚБ басшысы:

Өкінішке орай бізде тек жергілікті амбулатория ғана бар. Бізде ондай мамандар жоқ. Сондықтан біздің балалар Павлодар қаласына барып ем алады. Ал, мына мекеме базасында біз керекті мамандарды жұмысқа шақыра аламыз. Осылайша мәселені шешуге болады.

Ленин кентінде мүмкіндігі шектеулі 50 бала тұрады. Әрине, бұл көңіл қуантарлық жағдай емес. Жалалар мен ересектерге арналған оңалтудың қолайлы жағдайын жасау керек.

Салтанат Сәрсенбаева, «Қамқор» ҚБ басшысы:

Бізде Республика көлемінде көмек сұрайтындай мүмкіндігіміз жоқ. Біз тек жергілікті кәсіпкерлер мен бизнесмендер және жақсылық жасағысы келетін адамдардан көмек сұраймыз. Мұның барлығы жарым жан балалардың денсаулықтары үшін жасалып жатқан шаруа ғой.

Ғалия Сұңғатова, Ленин кентінің тұрғыны:

Оған мұқтаж біздің тұрғындар. Сондықтан да осыған көмек сұрайды. Өйткені бұл сынып тұрғаннан көрі халыққа пайда бергені дұрыс қой.

Айта кету керек, короновирус пандемиясы кезінде ауыл белсенділері мен еріктілері қолдан келген көмектерін де аямады. Олар мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстап, бетперде тігуге ат салысты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ ШЫРША КЕСКЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:41, 3 желтоқсан 2020
ЗАҢСЫЗ ШЫРША КЕСКЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар