ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

ЛЕНИН КЕНТІНДЕ ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

10:47, 13 маусым 2018

Ленин кентінің 10 мыңға жуық тұрғыны бар. Бүгінде 18 азамат жұмыспен қамту орталығында ресми түрде жұмыссыз болып тіркелсе, 123 адам тіркелмеген. Жергілікті Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде кент тұрғындарын мамандық бойынша жұмыс табуына көмектесу мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Динара Жанабаева бос орындар жәрмеңкесіне екі қолға кәсіп табу үшін келді. Ол  педагогикалық колледжді тәмамдаған. Қазір кентте тұрады. Бұған дейін қалада жұмыс істеген. Білімі орташа болғандықтан, еңбекақы аз болғанын айтады. Тапқан таянғаны жолақы мен тамағынан аспаған. Сондықтан жергілікті жерде жұмыс табуды көздейді. 

ДИНАРА ЖАНАБАЕВА, Ленин кентінің тұрғыны

қалаға барып тұру қиын болғандықтан, осы жерде, мектептерде жұмыс тапқым келеді. осы оймен келдім. ////Егерде жұмыс тауып ары қарай оқуға мүмкіндік болса, оқуға даярмын. 

Бос орындар жәрмеңкесі Ленин кентінің әкімдігі мен қалалық жұмыспен қамту орталығының  ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Жұмыс орындары  балабақша, білім ошақтары, әкімшілік, жергілікті кәсіпорындар  сынды мекемелерден ұсынылды. Басты мақсат Еңбек кодексінің 29-бабына сәйкес 3-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды, сондай-ақ, жалпы жергілікті халықты жұмыспен қамту.

АМАНБЕК ҰНАТҰЛЫ, Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы

павлодар қаласында 887 жұмыс орны және 2987  бос жұмыс орны бар. бізде қала бойынша 1500 жұмыссыз адам бізде тіркеуде тұр. қазіргі таңда жұмыспен қамту үшін павлодар қаласының Бектұров көшесі 115 жұмыспен қамту орталығына келіп хабарласуыңызға болады. 

Жақында Ленин кентінде Элеватор іске  қосылады. Жылына 30 мың тонна өнімділікті құрайтын мекемеде жаңа 30-35 жұмыс орнын ашу жоспарланған.  Мекеменің негізгі міндеті астықты қабылдау, өңдеу, кептіру, ары қарай сату. Қазіргі таңда келісімшарттар жүргізіліп , өнімді шет елге экспорттау да қарастырылуда.

ҚАНАТ ҚАПАНОВ, серіктестік директорының орынбасары

астықпен байланысты болғаннан кейін жұмыс элеваторға операторлар астықты өңдейтін қажет болад, бухгалтер, лаборанттар қажет, лаборанттар 3 адам астықтың сапасын тексеретін және әр түрлі саладағы мамандар қажет. 

Халықтың тұрмыс деңгейі жұмыспен қамтылуына байланысты. Сондықтан, осы сынды жәрмеңкелер әлі де ұйымдастырылып, жалғасын таппақ.

Марина САХАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛАСЫНДАҒЫ КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ II ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ
12:55, 16 тамыз 2018
АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛАСЫНДАҒЫ КРЕДИТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ КӨШЕЛЕР БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛМАҚ
19:07, 14 тамыз 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ КӨШЕЛЕР БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛМАҚ
Толығырақ...
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘРІ 5 ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН»
19:25, 10 тамыз 2018
«ПАВЛОДАРДА БІР АЙДА ЖАҢА ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША НЕБӘ...
Толығырақ...