Лебяжі ауданында Қазпоштаның жаңартылған орталығы ашылды

18:00, 16 наурыз 2017

Бүгін Лебяжі ауданында жаңа форматта жұмыс істейтін пошта бөлімшесі ел игілігіне берілді. Аталғаш бөлімшеге модернизациялау жұмыстары осыдан бес ай бұрын басталған болатын. Бұл жұмыстар «Самұрық қазына» ұлттық әл-қуат қоры» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жүргізілді. 18 миллион теңге қаражат бағытталған модернизациялау шарасы орталықтың ғимаратына ғана емес, қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға да сеп болды.

Жаңартылған орталықтағы басты жаңашылдық сәлемдемелер алып-жіберуде болып отыр. Бұдан былай клиенттерге қызмет көрсету пішіні өзгертіліп, қолайсыз кабиналар орнына сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді. Осының арқасында бұл жосық небәрі екі-үш минуттың ішінде іске асады. Сәлемдеме алудың жаңа әрі оңай тәсілін алғашқылардың бірі болып Лебяжі ауданының тұрғыны Айсұлу Бижанова пайдаланып көрді.  

АЙСҰЛУ БИЖАНОВА, Лебяжі ауданының тұрғыны

Жаңартылған орталықтағы барлық операциялық учаскесі клиенттерге қолайлы болу үшін бірнеше аумаққа бөлінген. 

ГҮЛМАНДАЙ ШӘКЕНОВА, «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы пошта технологиялары бөлімінің басшысы 

Бұдан былай пошта орталығында заман талабына сай электрондық қызмет жұмыс істейді. Енді аудан тұрғындарының ұзын-сонар кезекте тұруларына еш себеп жоқ. Аталған бөлімшеде 20жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген ардагер Шарипа Қалиасқарова орталықтың көз алдында адам танымастай өзгергенін айтады.  

ШАРИПА ҚАЛИАСҚАРОВА, оператор-кассашы 

Жаңартылған орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде су жаңа көліктің кілті табысталды. Осының арқасында халыққа қызмет көрсету сапасы жақсара түспек. Ал бұл Павлодар облысында модернизациялаудан өткен жетінші нысан. Жалпы еліміз бойынша осы тектес 400 бөлімше жаңартылмақ. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жылда ел тұрғындары  4 күн демалады
17:04, 21 қараша 2017
Жаңа жылда ел тұрғындары 4 күн демалады
Толығырақ...
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
16:43, 20 қараша 2017
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
16:04, 20 қараша 2017
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
15:27, 15 қараша 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
15:13, 15 қараша 2017
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
Толығырақ...