Латын қарпіне көшу жөнінде қоғамдық тыңдау өтті

18:42, 12 қыркүйек 2017

Қазақ елі жаңа тарихи кезеңнің алдында тұр. Басқа басқа емес қазақ тілінің тағдыры бұл. Ғасырлар бойы талай әліпби ауысып, талай сүзігден өткен қазақ тілі тағы бір бел-белестің алдында. 2006-жылдан бері қоғамға ұсынылған латын қарпіне көшу жоспары талай рет талқыға түсті. Талай мәселенің басы айтылып, түйткілі көрсетілген болатын. Бірақ, нақты қадам рухани жаңғырумен тұспа-тұс келіп, 11-қыркүйекте өткен Парламент отырысында латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің нұсқасы ұсынылды. Дәл осы оқиғаға орай бүгін Павлодар обылсында латын қарпіне көшу жөнінде қоғамдық тыңдау өтті.

Символика, таңба ежелден адамзат санасының қалыптасуына орасан зор әсер еткендігі белгілі. Ежелде ру тайпа, келе бүкіл ұлыс пен ұлт мемлекет бір таңбаның айналасын бірігіп, өзгедерден дара болмысын қалыптастырғаны аян. Қазақ халқының ары да, жаны да оның тілі. Міне, бүгінгі таңда заман ағымына, уақыт сорабына сәйкес осы баба тілдің де жаңа соқпаққа түсуіне тура келіп тұр. Алдағы уақытта қазақ халқының қажыры мен қайраты тағы бір сынаққа түспек.

 МЕЙРАМ БЕГЕНТАЕВ, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Латын қарпіне көшу мәселесі көптен бері айтылып, сөз бұйдаға да көп салынып келді осы уақытқа дейін. Бірақ, қазақ қоғамы әйтеуір болатын бір төбелесті көріп қалуға бекінгендей.  Кеше ғана Парламент төрінде латын қарпіне негізделген қазақ әліпьиінің жүйзден жүйрік шықты деген нұсқасы таныстырылды. Бұл нұсқа бүгінде талқыға түсуде. Бұл нұсқа бойынша қазақ тіліне тән 28 дыбыс 25 таңба арқылы белігіленбек. Қазақ тіліне ғана тән 8 дыбыс диграфтар арқылы берілмек.

БЕКЕН САҒЫНДЫҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Әрине, бұл нұсқа ұсынылып, талқыға түскенімен көптің көңілінен бірден шығып отырған жоқ. Әсіресе қазақ тіліне тән дыбыстардың қостаңба арқылы берілуі біраз қорқыныш пен күдік ұяллатқандай көрінуде.

ӘДІЛБЕК ӘМІРЕНОВ, филология ғылымдарының кандидаты

Басты ұстаным қазақ тіліне тән дыбыстардың сақтауы дейді ғалымдар. Оның үстіне бұл нұсқа да қазақ тіліне қажетсіз деп саналған біраз әріптер алынып тасталды. Сондықтан, бұл әліпбидің қазақ тілінің табиғи заңдылығы мен үндестігін сақтап қалатындығына сенім мол.

БЕКЕН САҒЫНДЫҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Осы дан 77 жыл бұрын қазақ тілі латын қарпінде болған. Енді Тәуелсіз ел атанған соң жаңа таңдау жолында бұл әліпбиге қайта оралып отырмыз. Қалай болғанда да осы жылдың соңына дейін бірыңғай стандарттағы латын қарпіне негізделген әліпби бекітіліп, 2018-жыл табалдырық аттасымен мамандай даярлау басталып кетуі тиіс. 

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...