ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

«ҚЫЗЫЛ АЙ» ҚОҒАМЫНА 155 ЖЫЛ ТОЛДЫ

18:28, 16 мамыр 2018

Биыл Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл ай қозғалысының құрылғанына 155 жыл толып отыр. Аталмыш ұйым әлем бойынша гуманитарлық қызмет флагманы болып табылады. Қазақстанда да қанат кеңінен жайып келе жатқан қозғалыс түрлі қайырымдылық шараларға мұрындық болып, ізгі істерге бастама танытуда. Қоғамның мерейтойына орай салтанатты шара өтіп, оның көп жылғы мүшелеріне құрмет көрсетілді.

«Қызыл крест» және «Қызыл ай» қоғамы бір жарым ғасырдан астам тарихы бар әлемдегі ең байырғы ұйым. Жалпы, жер жаһандағы гуманитарлық қозғалыстың, ой-сананың қалыптасуы осы ұйымның сан жылғы еңбегінің жемісі. Биыл Қызыл айға 155 жыл толды. Бүгінде оның бөлімшелері барлық елде жұмыс істейді. Ұйым негізінен соғыс өрті шарпыған, аштыққа, кедейлікке ұшыраған елдерде шоғырланып, медициналық, гуманитарлық көмек көрсетеді. Ұйымның Қазақстанда жұмыс істей бастағанына биыл 81 жыл. «Қызыл ай» бейбіт елдерде де белсенді қызмет атқаруда.

Салтанатты жиында көп жылдар бойы «Қызыл ай» қоғамның мүшесі болып келе жатқан адамдар марапатталды. Олардың қатарында түрлі сала мамандары  – дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Олар Қазақстанда бейбітшіліктің сақталуына, төтенше жағдай кезінде гуманитарлық көмек ұйымдастыруға өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, Шығыс Қазақстанда орын алған су тасқыны кезінде «Қызыл ай» мүшелері азық-түлік жинауға, апат зардабынан соң қалыпқа келтіру жұмыстарына қол ұшын берді.

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
20:47, 10 тамыз 2018
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ Ө...
Толығырақ...
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ  ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУДЕ
20:09, 10 тамыз 2018
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:52, 7 тамыз 2018
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
21:20, 7 тамыз 2018
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ...
Толығырақ...