ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚЫЗМЕТТЕР ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛЕДІ

20:09, 1 шілде 2020

Елдегі ахуалға байланысты жұмыспен қамту орталығы онлайн режимге ауысты. Яғни, орталықта азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Мамандар жұмыс орнында отырып онлайн түрде халыққа көмек көрсете алады.

Ковид-19 вирусы жаһан жұртына, ел экономикасына зардабын тигізіп тұр. Осыған байланысты 24 маусымнан бастап қызметкерлер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелер онлайн жұмыс жасауға көшкен. Инфекцияны алдын алу мақсатында азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды.

Аманбек Ұнатұлы, Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Бұл дегеніміз азаматтар мен біздің байланысымыз азайды деген сөз емес. Біздің жұмысымызға ешқандай кедергі келтірмейді. Себебі жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мемлекеттік қызметтердің барлығы egov.kz сайты арқылы жүргіле береді.

Тұрғындар бос жұмыс орындары тізбегін enbek.kz сайтынан көре алады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде  де барлық түсініктеме жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады.

Аманбек Ұнатұлы, Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, немесе жұмыссыз ретінде тіркелу үшін егов.кз сайты арқылы өздері тіркеле алады. Бұл жерде одноразовый пароль болса, немесе ЭЦП болса болды. Оның барлығын  1414ке хабарласып, сол жердегі мамандар барлығын түсіндіріп айтып береді, қалай жұмыс жасау керектігін.

Бұл ретте мекеменің есіктеріне телефон нөмірлері көрсетілген. Сол арқылы кеңес алуға болады. Сонымен қатар, барлық ақпарат орталықтың әлеуметтік парақшаларында бар. Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодарда 1500-ге жуық отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
18:04, 20 қаңтар 2021
«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
22:34, 18 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
21:52, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА...
Толығырақ...