ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚЫЗҒЫЛТ КӨЛ ҚОРҒАУҒА АЛЫНАДЫ

12:27, 10 тамыз 2020

Ертіс өңірінде 200-ден астам су айдыны бар. Ал соңғы уақытта облыстағы қызғылт көлге халық баруға әуестенді. Олар бірегей тұздың әсемдігіне қызығып, суретке түсуге ұмтылады. Бірақ, өкініштісі, адамдар көл жағалауында қоқыс қалдырап кетеді.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Павлодар облысынан 17 шақырым қашықтықта Коряковка қызғылт көлі орналасқан. Біздің түсірілім топ бұл жерге алғаш келіп тұр. Шынымен де көлдің сұлулығы көздің жауын алады. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазір мен шамамен көл жағалауынан 10 метр алшақтамын. Көлдің ортасына дейін жетемінбе деп мақсат қойып едім. Бірақ жүзеге аспайтын сияқты. Себебі мұндағы тұз аяққа қатты батады екен.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Тарихқа көз жүгіртсек, 18 ғасырдың соңында көлде тұз шаруашылығы дамыған. Бұл жерден Сібір елдеріне техникалық тұз жеткізіліпті. Соңғы 50 жылда қор таусылған соң, өнеркәсіп те жұмысын тоқтатқан.

Сайран Құсайынқызы, ауыл тұрғыны:

Бірінші комбайн тұз шығарып, 16 вагонеткаға салатын. Одан кейін вагонеткадағы тұзды матовоз жағаға шығаратын. Жағадан тепловозбен жууға апаратын. Сол тұз жуатын жерде қызмет істедім. Ауылда 80-90 шақты адам қызмет етті бұл көлде.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Иә, сол тұзды көлдің арғы шетінен бергі шетіне көпір арқылы тасымалдаған. Қазір көпірдің орындары ғана қалыпты. Биыл көлде тұз қоры мол болғандықтан, қайта барлау жұмыстары да қолға алынды.

Сағын Төлеутаев, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

Соңғы 50 жылда бұл көлде тұз қоры 7 есеге өсті. Шамамен 1 млн 700 тонна тұз бар.

Келушілердің көбі қызғылт түске қызығып келеді. Жұмыс күндері болсын, демалыс күндері де көлге адамдар ағылады. Келушілер соңдарынан қоқыс шашып, табиғатқа кесіріп тигізіп жатыр. «Жасыл ел» жасағының 20-ға жуық сарбазы мен еріктілер көл жағалауындағы қоқыстарды жинады.

Абай Уахит, облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі:

Қоқыс осыншалықты көп емес. Бірақ бар. Біздің қала тұрғындары мен қонақтарын тазалыққа шақырамын. Көркем, әдемі жерлерімізді таза ұстайық.

Басты мақсат – көлді қорғау және тазалығын сақтау. Сондықтан су айдыны бақылауға алынбақ. Ал, демалыс күндері тиісті шаралар күшейтіледі.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...