ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚТАР ТЕКСЕРІЛДІ

16:02, 9 қыркүйек 2019

Павлодар облысының жылу беру стансалары алдағы қысқа сақадай сай. 15-қыркүйектен бастап жылу беріле бастайды. Өткен демалыс күндері аймақ басшысы жылу элетро стансаларын аралап, дайындықтарын тексеріп шықты.

Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағындағы аудандық жылу қазандығы биыл пешін жаңартты. Екі жарым миллион теңгеге алынған пештің өнімділік қуаты жоғары. Ең бастысы қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтар азаяды, дейді зауыт басшылығы.

Сергей Прокопьев, Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры: 

Бұл пештің өнімділігі 30%-ға артық. Электр қуатына жұмсалатын шығын 20%-ға азайды. Ең бастысы жұмысшыларымыздың жағдайы жақсарып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемі азаяды.

Ақсу ферроқорытпа зауытының жылу қазандығында еңбек ететін жұмысшылардың дені еркектер. Әйтсе, де ішінара нәзік жандар да жоқ емес. Солардың бірі Гүлнәр Шүленова, кәсіпорында 24 жыл жұмыс атқарып келеді.

Гүлнәр Шүленова,  жылу қазандығының электр слесары:  

Еркектердің жұмысы екені рас, бірақ бұл жұмыс маған ұнайды. Мен оны жақсы көремін. Осындағы бұзылған құрал жабдықтарды жөндейміз, істеп тұрғандарын ретке келтіреміз. Бұдан кейін аймақ басшысы облыс орталығындағы жылу электр стансаларының жай күйімен танысты. Алюминий зауытының жылу орталығы биыл үш қазандықты жөндеуді жоспарлаған болатын. Бүгінгі таңда сағатына 420 тонна бу шығаратын екі қазандық қалпына келтірілген. №1 қазандық әлі жөнделіп жатыр. Жылу беру маусымы басталғанша аяқтаймыз дейді.    

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Бізде ыстық су бойынша сұрақтар бар. Біз бұл мәселені он күннің ішінде шешеміз. Қазір біз жылу желілерін толтырып жатырмыз. 15-қыркүйектен бастап жылу беріле бастайды.

Бұдан кейін әкім жылу беруші кәсіпорын басшыларымен жиын өткізіп, алдағы қыс мәселесін талқылады. Соңғы жылдары жерасты желілерін жөндеген соң асфальт төсейтін мердігерлерге қатысты мәселелер туындап жүр. Аймақ басшысы жолды жөндеу жұмыстарын жылы уақытта жүргізуді талап етті. Желіге жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін барлық жолдар қалпына келтірілуі керектігін тапсырды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...