ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

Қысқа дайындық жұмыстары

18:33, 13 қыркүйек 2017

«Қыс қыр астында» демекші Павлодар қаласындағы мәдениет нысандары алдағы жылу маусымына дайын. Ал, көпқабатты тұрғын-үй аулаларында ала жаз бойы жүргізілген жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталмақ. Бүгінде, жоспарланған 131 ауланың, 105-де тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қалалық әкімдікте өткен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында, әлеуметтік нысандардың қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары, абаттандыру, қалпына келтіру және қыста шаһар көшелерін қардан тазарту сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

Ертіс өңіріне ерте кеп жететін суықты ескерген павлодарлық коммуналшылар алдағы қыс маусымына мықтап дайындалуда. Бүгінде, қаладағы көпқабатты үйлердің 80 проценті жылу масусымына толығымен дайын. Ал, мамандар шаһардағы 30 мәдениет ошағы мен 20 кітапханада тиісті жұмыстар жүргізіліп, қытымыр қысқа дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, тұрақты комиссияның отырысы барысында көпқабатты тұрғын-үй аулаларындағы ішкі жөндеу жұмыстары пысықталды. Белгілі болғандай, 105 квартал іші жөнделіп, облыс орталығындағы 70 аулаға асфальт төселген. Бұдан бөлек, Теплов көшесінің сол жақ бөлігінің жолы жөнделіп, жарықтандырылды. Ондағы 10 киловольттік кабель де ауыстырылды.

НИКОЛАЙ КАЗАНИН, Павлодар қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары

Айта кетейік, биылғы жылы қаладағы орташа жөндеу жұмыстарына 962 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, жиын барысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы өкілдері экологтармен жүріп жатқан сот отырысы әлі де аяқталмағанын айтты. Қалалық сот коммуналшыларға қыс мерзімінде қайнатылған техникалық тұзды қолдануға тыйым салып отыр. Алдағы уақытта, оның орнына арнайы реагенттерден тұратын қоспа қолданылуы мүмкін. Алайда, мұндай қоспалар үшін қосымша қаражат қажет. Себебі, қыста жолға құм шашатын 18 техника аталмыш реагенттерге арналып, қайта жабдықталуы тисі.

ИГОРЬ ВАРЕТНОВ, Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Ал, қыстағы қар тазалау жұмыстарына биылғы жылы 248 бірлік техника жұмылдырылмақ. Егер, қар тиісті шамадан көп түссе қала көшесін ақ ұлпадан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілмек. Сөйтіп, биыл облыс орталығында үш мердігер компания төрт бөлікке бөліп жұмыс жасайтын болады. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
10:27, 20 маусым 2018
ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
Толығырақ...
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
11:00, 15 маусым 2018
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІСТІ ЖҮЗІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
11:18, 19 маусым 2018
ЕРТІСТІ ЖҮЗІП ӨТПЕК БОЛҒАН ЖІГІТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...