ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚЫС ҚАҺАРЫНА МІНЕ БАСТАДЫ

10:03, 5 қараша 2019

Қыс қаһарына міне бастады. Алдағы күндері аймағымызда күн суытып, қар жауады. Ауа температурасы төмендейді. Синоптиктер қарашада жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады, деп болжап отыр. Кейбір аудандарда бүгіннің өзінде дала ақ ұлпаға оранды.

Жылы күндер артта қалды. Мамандар, қараша айында ауа райы күрт өзгеретініндігін айтады. Алда жаңбыр мен қар аралас суық күндерге төзуге тура келеді. Бүгіннің өзінде өңіріміздің солтүстік аудандарын қалың қар басып қалды. Мәселен, Железин ауданында таңғы 8-ден бастап жауған қар айналаны ақ көрпеге орап тастады.

Надежда Аринова, «Қазгидромет» РМК ПОФ инженер-синоптигі:

Ертеңнен бастап қар жауады. Жел күшейеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. Түнде сынап бағанасы -2 градус суықтықты көрсетеді, күндіз 0 градусқа дейін төмендейді. Кейбір жердерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Алдағы күндері ауа температурасы түнде -2-7-ге дейін төмендеп, күндіз  сынап бағанасы  +2,+5 градус қана жылылықты көрсетеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жел күшейіп боран болуы ықтимал.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...