ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

11:29, 18 қазан 2019

Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында балалардың улануы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті тексеру барысында мектеп асханасындағы санитарлық ережелердің бұзылуын анықтаған.

Мектеп асханасында ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Департамент басшысының орынбасары балалардың улануының нақты себебі 20 қазан күні, яғни талдау нәтижелері аяқталғаннан кейін белгілі болатынын айтты.

Зәмзәгүл Досжанова, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Эпидемиологиялық тексеріс жұмыстары жалғасуда. Тексеру барысында мектептін ас блогында ереже бұзушылықтар тіркелді. Талапқа сай келмейтін сынамалар, шикі және дайын өнімді дұрыс емес сақтау, асханада дүрыс емес тамақ дайындау бұзушылықтары анықталды. Сонымен қатар, қысмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодарское ауылының №40 ЖОМ алғашқы жеті оқушысы 10 қазанда медициналық көмекке жүгінген болатын. Оқушылар мектеп асханасынан тамақтанып, уланып қалған. Оқыс оқиғадан кейін бірнеше күн ішінде зардап шеккендер саны 23-ке артқан.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...