ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КҮЗГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

11:40, 30 шілде 2020

Павлодар облысында күзгі астық жинау науқанына дайындық. Қазірдің өзінде 890 гектар жерден өнім жиналып, қамбаларға 300 тоннадан астам шөп жиылды. Дала жұмыстарына арзандатылған жанармайдың тиісті көлемі бөлінді. Ауа райының құрғақшылығына қарамастан биыл әрбір гектардан 6,4 центнер өнім жиналады деген болжам бар.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге берілген өтінімге сәйкес аймағымызға  21,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 тоннаға артық. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі кеңестің хаттамасына сәйкес - ағымдағы жылдың егін жұмыстарына жанармайдың бағасы бекітілді.

Ерғанат Әубәкір, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

2020 жылы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынының бағасы шілде айындағы орташа бағасы 1 тоннасы 178  мың теңгені құраған болатын.

Арзандатылған дизель отынын босату жөніндегі хабарлама бойынша 5 компания өтінім берген. Операторлық қызметтерді ескергенде, арзандатылған дизель отынының бекітілген бағасы 1 тоннасына 184 мың теңгені құрайды. Мамандар бұл баға алдағы 3 айда да осы қалыпта қалады дейді.

Есентай Мұрсәлімов, ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Осыған дейін онлайн режимде өңірдің ауыл шаруашылық бөлім басшыларымен жиын өтті. Дауыс беру арқылы 2 оператор бекітілді. Бұл өзіміздің павлодарлық компаниялар – «ТК Парнас» және «LF TRADE».  (лф-трэид) Олар жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта дизель отыны жіберіліп жатыр. Шілде айына бөлінген 2 мың тоннаның 1300 тоннасы төленді.

Биылғы жылы мамыр-маусым айларында күннің ыстығы диқандарға қиындық тудырғаны рас. Бірақ, шілде айында ауа-райы реттеліп, жаңбырлар басталды. Сол себепті,  күзгі астық жинау ойдағыдай өтеді дейді мамандар.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...