ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

10:26, 15 маусым 2018

Павлодардағы тағы бір орталық көшенің атауы ауысатын болды. Қоғам бастамасынан кейін облыстық мәслихат депутаттары Кутузов көшесіне Тәуелсіздік атауын беру туралы шешімді бірауыздан қолдады. Осылайша облыс орталығындағы ең ұзын көше бұдан былай Тәуелсіздік атауын иеленіп, ұлт үшін қастерлі ұғымның мән-маңызын айшықтай түспек. Сессия барысында республикалық бюджеттен бөлінген қосымша 14,2 млрд теңгенің қай бағыттарға жұмсалатындығы жоспарланды. Толығырақ әріптесімнің материалында.

Бұл сессия бұрынғы сессиядан өзгерек. Өйткені, күн тәртібіндегі 16 сұрақтан бөлек, депутаттар назарына облыс орталығындағы басты көшенің атауын өзгерту мәселесі қойылды. Әуелі халық қалаулылары экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың баяндамасын тыңдады. Республикалық бюджеттен Павлодар облысына қосымша 14 млрд 200 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Оның 2,5 млрды біліктілігін жоғарылатқан өңір мұғалімдерінің жалақысын өсіруге бағытталып отыр. Облысымызда мұндай 8000 мұғалім бар. Қаржының едәуір бөлігі ЖИТС-пен күреске бөлініп отыр. Белгілі болғандай, Павлодар облысы иммун тапшылығы синдромын жұқтырған адамдар саны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің бірі болып саналады. Жиында, сондай-ақ, жергілікті полиция бастығы Жасқайрат Қайыров бес айда атқарылған жұмыстарды баян етті. Сала басшысы облыста ауыр қылмыстың азайғанын, ЖКА 7 пайызға төмендегінін алға тартты. Алайда, салада кадрлар тапшылығы бар. Мәселен, жергілікті полиция қызметінің өзінде 205 бос жұмыс орны бар.

ЖАСҚАЙРАТ ҚАЙЫРОВ, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы

22-ші сессияда көтерілген өзекті мәселенің бірі Кутузов көшесінің атауын өзгерту турасында болды. Бұған дейін облыс орталығында қоамдық тыңдаулар өткізіліп, жұртшылық даңғыл атауын өзгертуді уақыт талабы екенін алға тартқан болатын.

СӘУЛЕ ОСМАНОВА, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы

Жиында халық қалаулылары Кутузов көшесіне қатысты мәселеге өз ойларын білдірді. Депутаттар қоғамдық бастаманы құптап, бірауыздан қолдау білдірді. Республикалық ономастикалық комиссия тиісті шешім шығарғаннан кейін көше атауы ресми түрде өзгертілетін болады.

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
23:00, 13 шілде 2018
ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
21:39, 13 шілде 2018
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...