ШҰҒЫЛ! ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТҚАН ЕР АДАМ КОЛОНИЯДАН ҚАШЫП КЕТТІ Толығырақ

КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ

12:26, 27 маусым 2018

Бүгін облыс орталығындағы Кутузов көшесі жаңа атауға ие болды. Өткен ғасырда іргетасы қаланған көшені енді басқаша алатын болады. Сонымен, орталық көшеге қандай атау берілді? Бұл туралы әріптесім Өзгеріс Қуанар айтып берсін! Өзгеріс сөз кезегі өзіңде.

Тәуелсіздік даңғылымен алғашқылардың бірі болып, облыс әкімі Болат Бақауов бастаған  бір топ шенділер жүріп өтті. Олардың қатарында Павлодар қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері  де бар. Қоғамдық көлікке мінген шенділер шаһардың қазіргі келбетін тамашалап, бүгінгі даму  бағдарына  куә болды. Ұзындығы 10 шақырымнан асатын көшеде әлеуметтік нысандар мен сауда  орталықтары, театр, демалыс аллеясымен қатар белгілі тұлғалардың тас мүсіндері де орын тепкен.  Сондықтан да аталған даңғыл  Павлодар халқы үшін ерекше.

БӘКІР ДЕМЕУОВ –  Павлодар қаласының экс-әкімі

Кутузов көшесінің атауын  өзгерту биыл  облыс әкімінің есеп беру жиынында көтерілді. Осыған орай Павлодарда қоғамдық тыңдау өтті. Жиында сөз алған қоғам белсенділері, жастар мен  қала тұрғындарының басым бөлігі «Тәуелсіздік» атауын қолдап, дауыс берген еді. Кейін мәслихат депутаттары да  көше атауына «Тәуелсіздік» сөзін лайық деп таныды. Енді міне, көптен күткен қуаныш республикалық ономостикалық комисияның шешімімен ресми түрде бекітілді. Көше атауын өзгертудегі тағы бір екпін «Тәуелсіздік» аталуымен қатар даңғыл мәртебісін иеленуінде. Енді даңғылға айналған көшенің дамуы да қарқын алмақ.

АЛЕКСАНДР РЮМКИН -  Павлодар қаласының құрметті азаматы

Бүгінде Даңғылдың даму перспективалары айқындалған. Болашақта бұл көшенің бойында үлкен концерттік зал салынады. Әрі көше құрылысы кеңейіп,  әуежай аумағына дейін созылатын болады. Бұл аумақта шағын ауданда бой көтереді.

Өткен жылы бұл көшенің инфрқұрылымдық жағдайы адам танымастай өзгерді. Қаз-қатар тізілген зәулім үйлер түрлі түстерге боялып, жарықтандыру ісіне де баса көңіл бөлінді.  

Өзгеріс ҚУАНАР

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ
10:40, 16 қараша 2018
«МАЙДАН ЖОЛЫ» ІЗДЕУ ЖАСАҒЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
17:14, 12 қараша 2018
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ «ПОЭЗИЯ МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕ» АТТЫ ШЫҒ...
Толығырақ...
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
16:50, 13 қараша 2018
ЖАС АҚЫН ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАР АРАЛАС ЖАПЫРАҚ» АТТЫ Ш...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
17:10, 12 қараша 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 373 АДАМ ОРНАЛАСТЫ
Толығырақ...