ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚҰС ТҰМАУЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

20:17, 12 қазан 2020

Облыс аумағында құс тұмауы жабайы қанаттылардан тарағаны белгілі. Бірақ дала құстарының жаппай өлімі тіркелген жоқ. Ал соңғы күндері үй құстарында ауру анықталмады. Жағдай тұрақталып келеді. Ал қырылған қанаттылардың иелеріне өтемақы қашан төленбек?

Павлодар облысында құс тұмауы 7 елді-мекенде тіркелді. Ауру ошағы анықталған ауылдар карантинге жабылғаны белгілі. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін 3000-нан аса қанатты қырылып қалған. Індет тараған ауылдарда барлығы 19174 үй құсы жойылды.

Рашид Нұрбеков, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жетекшісі:

Барлық жойылған және аурудан қырылған құстардың иелеріне орташа есеппен өтемақы төленеді. Олар барлығы төрт құжатты жинауы тиіс. Шешімді күтіп отырмыз. Қазіргі ақпараттар бойынша, құстарға төленетін өтемақының орташа есебі шықты. Қырқүйек айы бойынша. Нақты қазір қанша айта алмаймын. Мысалы, үйректің бағасы Павлодар облысында шамамен 5000-7000 аралығында болмақ.

Құстарға екпе салу жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы облысқа 503 мың вакцина бөлінген.  

Рашид Нұрбеков, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жетекшісі:

Бүгінгі күні 282 елді мекендегі 332 мың құсқа еспе салынды. Аймақта вакцина жеткілікті. Қосымша алдырған болатынбыз.  Құстарға вакцина салу жұмыстарын барлығы 182 ветеринарлық дәрігер жүргізді.

Сонымен қатар, аңшылық кезеңі қызған шақта рейдтік шаралар қолға алынды. Бұндай тексерістер күнделікті жүргізіледі. Құстардың қалай ұшып қонып жүргендігі де бақылауда. Сала мамандарының айтуынша, аймаққа ұшып келетін қанаттылардың түрі 60-қа жетеді. Жалпы облыста 38 аңшылық шаруашылығы бар. Әрқайсысының иелігіне бес көлден  бекітілген.

Владимир Перескоков, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы:

Көл жағалауларын бақылауда ұстаймыз. Құстар еш алаңсыз тіршілік етіп жүр.  Ешқандай ауытқу байқалмайды.

Жабайы құстарды аулау кезеңі бір ай бұрын басталған. Алғашқы күндері оған 500-ден аса жолдама  берілген. Ал, аймақта құс тұмауы тіркелген бетте, құс аулағысы келетіндердің саны күрт азайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар