ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚУРАҒАН АҒАШТАР ӨЗ КЕЗЕГІН КҮТУДЕ

11:32, 18 қазан 2019

Біздің арнамызға қаламыздағы Ангарская көшесінің тұрғындары хабарласқан болатын. Айтуыларынша, үйдің жанындағы қураған ағаштар – сол жерде тұрып жатқан тұрғындардың мүлкін құртып, адам өміріне қауіп төндіреді. Тұрғындар ағаштардың кесілуін талап ете алмай жүргендеріне 5 жылдай болыпты.

Ольга Николаевна Гурова - Ангарская көшесіндегі 13-ші үйде тұрып жатқанына 4 жыл болыпты. Көшіп келген күннен бастап жарты ғасырдан астам уақыт бойы өсіп қурап тұрған ағаштар ыңғайсыздып тудыратын болған. Тұрғындардың айтуларынша, ағаштарды өздері отап тастай алмайды. Себебі, ағаш кесетін жеке қызмет түрі 50-60 мың теңгені құрайды. Мұндай қаражатқа қауқары жоқ.

Ольга Гурова, Ангарская көшесі 13-ші үйдің тұрғыны:

Бұл үй - менің жолдасымның ата-анасының үйі.  Мұнда 2015 жыдан бастап тұрамыз. Көшіп келген кезден бастап - біз ағаштардың кесілуіне байланысты тапсырыс бере бастадық. Осыған дейін үйдің төбесі тесіліп, шатырға зақым келді. Мұндай жағдай бірнеше рет болды. Сондай-ақ, қураған бұтақтар аулада тұрған көліктердің үстіне құлайды. 

Қатты жел болған күндері қураған ағаштың бұтағы үйдің шатырына құлап, тесіп шыққан. Ольга Николаевна мұндай құбылыстарға үйреніп қалған сияқты. Өйткені, төбенің сылағы қопарылып түскенде, өзі жамап қалпына келтіреді.

Ольга Гурова, Ангарская көшесі 13-ші үйдің тұрғыны:

Осы көшенің бойындағы тұратын үйлердің барлығында балалар бар. Біз балалардың өмірі үшін қорқамыз. Абырой болғанда, балаға зияны тиген жоқ бұл ағаштардың. Бірақ, желді күндерде біз балаларымызды далаға шығармаймыз.

Қурап, құлағалы тұрған ағаштардан –зардап көрген тұрғындардың бірі – Юлия Выджак. Айтуынша, жазда шілде айында қатты жел соққанда, қарама-қарсы тұрған үйдің ағашы үйдің шатырын тескен. Төбенің сылағы бала ұйықтайтын төсекке опырылып түсіпті. Абырой болғанда, балақай аман.

Юлия Выджак, Ангарская көшесі 16-ші үйдің тұрғыны:

Ветки постоянно из-за ветра «Қаттың желдің кесірінен бұтақтар электр сымдарына үйкеліп, бөгет жасайды. Тіпті, өткен жолы түнде жел соққанда тұтана жаздады. Ұшқындар ұша бастады. Сымдар тұйықталса соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғады ма деп қорқамыз. Біздің ағаштардың кесіліп тасталуын қалаймыз. Өйткені, адамға қауіпті, мүлкімізге зақым келтіреді.

Ангарская көшесінің тұрғындары тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметіне бірнеше рет хат жазып, хабарласқан. Өтініш қабылданады. Бірақ, нәтиже жоқ. Сондықтан, біз аталмыш атқарушы орган өкілдеріне хабрластық.

Арман Құсайынов, қалалық түкш бөлімі көгалдандыру секторының бас маманы:

Ағымдағы жылдың аяғына дейін бұл мәсселені шешілетін болады. Қазіргу уақытта ағаштың жағдайы қалыпты. Ағаштың жоғарғы бұтақтары қурап тұр. Осы бұтақтарды санитарлық өңдеуге болады.

Мамандардың айтуынша, құлағалы немесе қурап тұрған ағаштар тек кезек бойынша жүзеге асырылады. Бұған қалада ағаш кесетін арнайы мердігер компаниялардың аздығы себеп болып тұр.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...