ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КҮН СУЫТАДЫ

19:37, 15 қараша 2019

Алдағы аптада аймағымызда күн күрт суытады. Ауа температурасы төмендеп, қалың қар жаууы мүмкін. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Павлодар облысы антициклонның ықпалында болғандықтан, қарашаның 15-і мен 17-сі аралығында облыс бойынша ауа температурасы 15-21, қала бойынша 18 градусқа дейін төмендейді.

Қарашаның 17-сі, 18-і, 19-ы күндері батыстан соққан ағынның ықпалы облысымызға қар алып келеді. Қар баяу әрі бірқалыпты жауады. Кейбір жерлерде боран соғуы мүмкін. Сонымен қатар, жел күшейеді. Оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, дейді мамандар. Ауа температурасы түнде - 10 градус болса, күндіз 0-5 градус суытады.

Наталья Седелёва, «Қазгидромет» РМК ПОФ инженер-синоптигі:

Солтүстіктен келген суық ауа массасасының салдарынан келесі аптаның соңында ауа райы бұзылып, күн күрт суатыда. Ауа температурасы тағы да төмендейді. 15-20 градус, кейбір жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз тұрады. Күндізгі уақытта да 20-25 градус аяз болады. Облыс бойынша тұман тұруы мүмкін.

Өз кезегінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті табиғат құбылысын алдын ала біліп отыратын «Darmen» қосымшасы іске қосты. Тегін қосымшаны «App Store» және «Play Market» жүйелері арқылы кез-келген адам өз телефонына жүктей алады. Бұл тетік арқылы дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмологиялық қауіп-қатерлер, қыс мезгілінде автомобиль жолдарының жабылуы туралы ақпаратқа қанық болады. Сонымен қатар, аязды күндері білім ошақтарында сабақтың болмауы туралы хабарламаны біле алады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...