ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

«ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫНЫҢ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:57, 8 тамыз 2018

Ел Президентінің бес әлеуметтік бастамасына қатысты сауалдардың бірде-бірі жауапсыз қалмауы тиіс. Бүгін Павлодарға арнайы іс-сапармен келген Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов осылай деді. Айтулы тың бастамалардың жүзеге асырылуын бақылайтын республикалық кеңестің Төрағасы бастаған бір топ меймандар аймақ орталығының бірнеше нысанын аралап, жергілікті білім және бизнес өкілдерімен кездесіп қайтты.

Республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері Елбасының бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына, осымен, үшінші аймақта бақылау жүргізді. Бірінші кезекте, Павлодар түсті металлургия колледжінің жұмысы таныстырылды. Меймандарға үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты аясында бой көтерген 200 орындық Студенттер үйін аралап шықты. Барлық бөлмелер қажетті тұрмыстық құрал-жабдықтармен қамтылған. Заманауи талаптарға сай салынған жатақхана биыл алғаш рет серпіндіктерді қабылдайды.

АЛЕКСАНДР БОЛДАШЕВСКИЙ, Павлодар түсті металлургия колледжінің басшысы

«Біз «түсті металлдар металургиясы» мамандығы бойынша еліміздің оңтүстік өңірлерінен 25 талапкерді қабылдадық. Жастар оқуды тәмамдаған соң, «Қазақстан Алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» сынды облыстың өндіріс орындарында жұмыспен қамтылады. Жалпы, биыл бізге мемлекеттік тапсырыс бойынша 195 бюджеттік орын бөлінді.»

Жастардың әлеуетін ашып, маман ретінде қалыптасуына серпін беретін маңызды бастамаға өңірдің білім ордалары да айрықша мән беруде. Осы орайда, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлы меймандармен сүйінші жаңалығымен бөлісті. Кеше ғана қаланың «Сарыарқа» шағын ауданында Студенттер үйіне арнайы жер бөлінгені жайлы қаулы шығарылған екен.

АЛТЫНБЕК НҰХҰЛЫ, ПМПУ ректоры

Кеше ғана, жетісі күні кешкілікте біз мына постановлениені алдық. Яғни, бізге жаңадан салынып жатқан «Сарыарқа» ықшам ауданынан жаңа орын бөлінді. – Қанша орын? – 0,46 сотық, 50 деп айтуға болады. Осыған байланысты, жобасын алдын ала дайындаған болатынбыз, үш подъезді қылып салмақ ойымыз бар.

Одан әрі кеңес мүшелері «7-20-25» бағдарламасы аясында «Сарыарқа» ықшам ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Тозығы жеткен қамыс үйлердің орнында қазір жаңа баспаналар тұрғызылған. Қосымша 9 үй салыну үстінде.Сонымен қатар, төртінші бастама – «Шағын несие беруді көбейту»  бағыты бойынша жеңілдікті несие алған жергілікті кәсіпкердің шеберханасы көрсетілді. Қарыз сомасы – 10 млн теңге. Кәсіпорын ғимараттарды жылытуға қажетті панельдер мен мүсіндік пішіндер жасаумен айналысады. Өнімге сұраныс бар, әрі тауар өткізу нарығы кеңеюде. Бақытжан Жұмағұлов бастаған нұротандық меймандардың жұмыс сапары  жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілген кеңеспен қорытындыланды. Кеңес Төрағасының өңірдегі атқарылып жатқан шараларға берер бағасы жоғары.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі ҚК Төрағасы

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы қалай орындалып жатқанын аралап, көріп, құрылытың қалай жүріп жатқанын, жатақханалардың қалай салынып жатқанын, шағын несиенің қалай беріліп жатқанын көріп, жалпы, облыста, түсіндіру жұмысы, насихаттау жұмысы істелініп жатқанына көзіміз жетті. 

Отырысты түйіндей келе, кеңес мүшелері халық арасындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті. Бұдан әрі аймақтарда бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысына талдау жасалады. Ал бұл бағыттағы істердің артық-кем тұстары елеп-екшелген ақпарат Елбасының алдында жасалатын баяндамаға негіз болмақ.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
20:47, 10 тамыз 2018
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ Ө...
Толығырақ...
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ  ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУДЕ
20:09, 10 тамыз 2018
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:52, 7 тамыз 2018
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
21:20, 7 тамыз 2018
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ...
Толығырақ...