ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ

21:26, 13 шілде 2020

Өңірде мобильді топтардың саны артады, ауруханалардағы оттегі нүктелерінің саны 600-ге жеткізіледі, сондай-ақ емханаларға әкімдіктердің көліктері тіркелетін болады. Мемлекет басшысының төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында, ортаға салынған осы және басқа да шаралар, Павлодар облысы әкімдігінде өткен онлайн-кеңесте талқыланды.

Жедел шешуді қажет ететін мәселелердің бірі - Медициналық сақтандыру қоры филиалының қаражатын эпидемияға қарсы шараларға қайта бөлу. Мәселе провизорлық стационарларды қосымша жабдықтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тағы бірқатар мәселелерді шешу жайында. Медициналық сақтандыру қорының қаражатын қайта бөлу тәсілін қайта қарастыруды талап етемін. Мұны қолмен және мүмкіндігінше тез, емханалар мен ауруханалардың қазіргі қажеттіліктерін ескере отырып жасау керек. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, бас дәрігерлермен тығыз байланыста болу қажет. Сонда біз медициналық ұйымдарға шынымен қолдау көрсетеміз, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Қордағы қаражат сондай-ақ тұрғындарды үйде емдеуге арналған мобильді бригадалар санын арттыруға жұмсалмақ. Бүгінгі таңда өңірдегі емханалық желі негізінде 59 мобильді бригада жұмыс істейді. Тәулігіне 1400  үйге шақыруға қызмет көрсететін мобильді бригадалардың санын 93-ке жеткізуді жоспарланып отыр.  Олар халықпен жұмыс жасау үшін қажет барлық заттармен қамтамасыз етілетін болады.

Әбілқайыр Сқақов мобильді бригадалар жедел жұмыс істеуі керек екенін атап өтті. Осы мақсатта ол облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің автошаруашылықтарындағы көліктерді емханаларға бекітуді тапсырды. Оған қоса, қоғамдық қорда жинақталған қаражатты КВИ-ге қарсы пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ аймақ басшысы күндізгі стационардағы төсек-орын қорын арттыруды ұсынды, ол бүгінде 400 орыннан асады.

Қазір алғашқы кезеңде емделушілердің басым көршілігін емдеуге болатындай етіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды, - деп мәлімдеді әкім. - Бастапқы медициналық көмек дәрігерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі болып табылады, олардың барлық жеке қорғаныс құралдары болуы керек.

Кеңесте сонымен қатар қазіргі уақытта 2500 астам науқас бар өңірдегі провизорлық ауруханалардың жағдайы талқыланды. Әбілқайыр Сқақов тез арада оттегімен қамтамасыз етуге арналған қосымша жабдық сатып алуды талап етті.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...