ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

«КӨРШІ» ЖОБАСЫ ӨЗГЕ КӨШЕЛЕРДЕ ДЕ ЖАЛҒАСТЫ

20:10, 11 сәуір 2019

«Көрші жобасы» сонымен қатар 1 май көшесіндегі 288 үйдің ауласында жалғасын тапты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шараға, аула тұрғындары мен қатар салауатты өмір салтын ұстанған спорт мектебінің шәкірттері де қатысты. Мақсат, ұлттық ойындары насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту.

«Көрші» жобасы таңнан бері қаламыздың бірнеше шағын аудандарына өткізілді. Шараны ұйымдастырушы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен ішкі саясат басқармасы. Ал, жастар бастамаларын дамыту орталығы жобаның қызықты өтуіне өз үлестерін қосуда.

Әлішер Төлетаев, ЖБДО АРТ бөлімінің инспекторы

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ЖБДО-мен бірлесе отырып «Көрші» деген проект ашқан болатынбыз. Бұл жобаның ерекшелігі қаламыздың, облысымыздың әр аймақтарында қазақтың ұлттық ойындарын, қазақтың спорт түрлерін дамыту мақсатында жасалып жатқан бір жаңа дүние болатын.

Бұл жоба бір жағынан жастардың бос уақытым қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған игі істің шымылдығын қазақтың ұлттық ойындарынан өткізілген жарыс ашты. Яғни, жиналғандар гір тасын көтеру, асық ату, қолкүрес, сонымен қатар арқан тарту бойынша өзара сынға түсті. Спорттық жарыстарға белсенді қатысқан спорт мектебінің ұжымы бұл сайысты қолдап отыр.

Әсел Шанашева, спорт мектеп-интернатының арнайы пән оқытушысы

Бүгінгі шара ең бастысы ұлттық ойындар үгіт-насихатында өтіп жатыр. Біз енді спорт коллджі болғаннан кейін осы шараға міндетті түрде ат салысып көмектесудеміз. Біздің студенттерге ұнады. Өте қызық өтіп жатыр.

Бұл жерде сайысқа қатысу үшін арнайы тіркелген ешкім жоқ. Сынға түсемін деп ниет білдіргендерге кедергі жоқ. Сондай-ақ студенттер қауымы да бұл жоба қуана қолдап әкетті.

 «Көрші» жобасы күз айларына дейін жалғасып, 40 мыңға жуық тұрғынды қамтиды деп жоспарланған. Тың туындының алғашқы басқан қадамы жаман емес. Бүгінгі жарыста оқ бойы оза шапқандарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:07, 19 сәуір 2019
Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
20:06, 19 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
20:04, 19 сәуір 2019
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...