ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

КӨРІКТІ ПАВЛОДАР

15:56, 11 қыркүйек 2019

Павлодар шаһарының ажарын ашуға өзге қаланың де шеберлері ат салысуда. Алматылық суретшілер қаладағы бір ғимараттың қас бетіне көздің жауын алар әдемі сурет салды. Онда Павлодардағы көп балалы отбасынан шыққан қыздың келбеті бейнеленген.

Алматылық суретшілер Павлодарға ат шалдырғалы бір апта болды. Сапар мақсаты қала орталығындағы ғимаратқа графити үлгісінде таңғажайып сурет салу. Әли Зекер мен Ержан Танай Алматы қаласындағы «Тигрохауд» деп аталатын  суретшілер тобының мүшелері. Оларға біздің өңірден ұсыныс түсіпті. Сурет салуға қажетті құрал-жабдық, бояулармен қамтамасыз етеміз деген соң бірден келістік, дейді суретішілер.

Әли Зекер, суретші:

Жұмыс көңілден шықты. Өйткені мына ғимараттың өзінің орналасқан жері және өзі де ғимараттың басқа ғимараттан айырмашылығы домаланып келген. Сонысы ұнады. Және өзімізде бір жаңа масштабтағы жұмысты көрдік.

Түрлі коммерциялық мекемелер орналасқан ғимаратқа Павлодардағы көп балалы отбасыдан шыққан Інжу есімді қыздың суреті таңдап алынған. Академик Сәтбаев көшесіндегі ғимаратқа салынған картина алыстан мен мұндалап көрінеді. Туынды ғимараттың ажарын ашып қана қоймай, қалаға көрік береді. Алматылық жас суретшілер алдағы уақытта Ресей елінде өтетін графити үлгіде қабырғаға сурет салу фестиваліне қатыспақ.

Бақытнұр Бейсенбайқызы, тілші:

Сурет салу өнерінің сан түрі бар. Ал, мына жұмыстың ерекшелігі графити үлгісінде салынған. Алматылық суретшілер бар жоғы 3-4 күннің ішінде тамаша жұмысын павлодарлықтарға сыйға тартты. Алдағы уақытта ұсыныс болса бас тартпаймыз деп отыр.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...