ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ МЕН ПАВЛОДАР АЙМАҒЫНЫҢ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС БЕКИ БЕРМЕК

20:08, 6 желтоқсан 2018

Павлодар мен Қорған облыстарының арасындағы қарым-қатынас кеңейе түспек. Аймағымызға келген ресейлік дегегация байланысты бекемдей түсудің тың жолдарын ұсынды. Меймандарға өңірімізде өндірілетін өнімдер көрсетіліп, оны көрші елдің нарығына шығару тетіктері талқыланды.

Қорған облысы мен Павлодар өңірінің арасында азды-көпті алыс-беріс бар. Алайда, қос облыс арасындағы байланыстың әлеуетін мұнымен бағалауға болмас. Павлодарға ат басын тіреген қорғандықтар қатарында осы өңірдің басшылығы, бизнес элитасы бар. Ондлағы мақсат – байланысты барынша арттыра түсу.

СЕРГЕЙ ПУГИН, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ ГУБЕРНАТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ (РФ)

Біз бауырлас мемлекеттерміз. Сол себепті аймақаралық деңгейде байланысты арттыруымыз керек. Біздің губернатор мен сіздердің әкімдерінің бұл сапар туралы шекаралық Форум кезінде келіскен болатын. Біз осы мақсатта сіздерге келдік. Мақсатымыз – кәсіпкерлік саласында өзара ынтымақтастығымызды арттыру.

Кездесуде меймандар Павлодар облысының экономикасымен танысты. Өздерін қызықтыратын салаларға назар аударды. Сондай-ақ, павлодарлық делегацияның да осы өңірге сапары туралы айтылып, ол 2019 жылдың наурыз айына белгіленді. Жалпы, қос тарап екі облыстың өзара ұқсас тұстары көп екеніне тоқталды.

СВЕТЛАНА АФАНАСЬЕВА, ҚОРҒАН ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АГЕНТТІГІ ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ 

Ауыл шаруашылығы саласында қос облыстың қол жеткізген жақсы табыстары бар. Бізде тұқым өсіретін шаруашылықтар жақсы дамыған. Железинка ауданының шаруа қожалықтары бұл кәсіпорындармен бұрыннан бері жұмыс жасайды. Бізге сіздердің химиялық кластер бағытындағы бастамаларыңыз ұнады.

Жиында қос тарап бірқатар меморандумдарға қол қойды. Оның ішінде экономикалық, туристік бағыттарды қамтыған жобалар бар.

 

Қуандық ТАНАБАС, Мурат АБИЛМАЖИТ

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...