ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚОРДАН ҚАНТ ШЫҒАРЫЛДЫ

11:20, 20 наурыз 2020

Бұған дейін әлеуметтік дүкендерде бір келісі 175 теңгеден сатылып келген қант бағасы 190 теңгеге көтерілді. Жергілікті жауапты мекемелер шекер бағасын одан әрі қымбаттатпау мақсатында ірі сауда орындарының сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы өнімді шығарды.

Ірі сауда дүкендері желісіне тұрақтандыру қорынан 40 тонна қант жеткізілді. Сала мамандарының сөзінше аталмыш дүкендер қанттың бір келісін 190 теңгеден үстемесіз саудалайды. Сонымен қатар әлеуметтік дүкендер де сы бағамен алуға болады. Ал,  кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда саясаты бөлімінің басшысы Талғат Дұғаловтың айтуынша бүгінге қант ескі қорлардан сатылып жатыр.

Талғат Дұғалов, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда саясаты бөлімінің басшысы:

Қордан шығарылған тауарлар тек әлеуметтік дүкендер мен осы сауда нұктесіне ғана жеткізілді. Нақтылайтын болсақ 40 тонна қант әкелдік. Ал әлеуметтік дүкендерге 10 тонна апардық. Алдағы уақыттарда басқа да сауда орындарын қамтуды көздеп отырмыз.

Әлеуметтік дүкендер қантты 175 теңгеден сатып алып, 190 теңгемен сатып жатыр. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 190 тонна шекер қалды. Алдағы уақытта басқа да сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткізілетін болады.

Талғат Дұғалов, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда саясаты бөлімінің басшысы:

Бұл сауда орталығы сатып алған бағасымен әрі қарай саудалайды. Яғни, қанттың бағасын көтермейді. Ал, әлеуметтік дүкендер 175 теңгеге сатып алып, үстінен 10-15 теңге қосып сатады. Болашақта басқа дүкендерге де жеткіземіз.

ҚР сауда министрлігі ірі орталықтардың жұмыс уақыт 18:00-ге дейін шектеуді ұсынғанымен, аталмыш супермаркет қызметкері әзірге мұндай ұсыныс алмағандығын атап өтті. Сонымен қатар, күн сайын азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Әзірге қанттың бағасы ғана артқан. Ал, жарма, күнбағыс майы, ұн сияқты тауарлар бағамы тұрақты.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...