ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ АНА БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ

18:14, 12 ақпан 2019

Көпбалалы аналардың жағдайын қарастыру, әлеуметтік әл-ауқатын көтеру үнемі билік назарында. Алайда үлкен отбасылар үшін баспаналы болу мәселесі үнемі өзекті. Жыл сайын үй құрылыс көлемі артса да, кезегіне жете алмай жүрген жанұялар бір төбе.

Бес баланың анасы Әсел Тайлақова осындай өкпе-назымен қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің халықпен өткізген есептік кездесуіне айтылды. Көп құрсақ көтерген ананың бүгінгі тірлігі қандай? Баспаналы болуды армандаған отбасы қай жерді паналауға мәжбүр? Толығырақ тілші материалында.    

 ГҮЛДЕН ТӨЛЕГЕН – ТІЛШІ

Көп пәтерлі мына барақ үйдің салынғанына 70 жылдан астам уақыт өткен. Бұл үйде  5 баланың анасы түтін тұтатып келеді. 2007 жылдан бері кезекке тұрған көпбалалы ана күні бүгінге дейін тиесілі баспанасын ала алмай жүр. Әсел Тайлақова отбасы құрғалы жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ал бала саны көбейе келе жалға беретін ақшалары жетпейтін болды. Отағасының жалғыз еңбекақысы күнкөрістен аспайды. Көпбалалы анаға берілетін 10 мың теңгелік жәрдемақы бүлдіршіндердің ауы мен бауын жамауға да жарамайды. Сондықтан жанұя мүшелері осы қысты уақытша туыстарының үйінде өткізуге мәжбүр.

ӘСЕЛ ТАЙЛАҚОВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА

Мен көп баланың анасымын. Бес бала менде. Бір студент. Оқушылар бар. Бізде үй жоқ. Біз 2007 жылдан бері кезекте тұрмыз. Үйді тосып.

Әсел Тайлақова жолдасымен бірге үй кезегіне бюджет саласының мамандары ретінде тұрған. Екеуі де мұғалім. 2007 жылы 635 орында болса, бүгінгі күні 315 орында тұр. Кезекті орнынан тезірек жылжытуға көпбалалы отбасы дәрежесі де көмегін тигізер емес. Ал балалар болса балғын балалық шағын мына 19 шаршы метр бөлмеде өткізуде. Десек те, ананың тауы шағылса да, балдырғандар жарқын болашақтан күдер үзбейді. Тіпті осы асыл армандарын қағаз бетіне де түсіреді. Мына суретті Әселдің қызы Камила салған. Оның ағасы Мансұр болса, әлі-ақ өз бөлмесінің болатынына сенімді.      

МАНСҰР ТАЙЛАҚОВ

Мен жарқын болашақ туралы армандаймын. Басымызда баспана болғанын тілеймін. Жеке бөлмем болса деп ойлаймын.

Әсел Тайлақованың пәтер мәселесін шешу үшін бармаған есігі, тоздырмаған табалдырығы қалмапты. Жақында көпбалалы ана қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің халық алдында өткізген есептік кездесуіне барған. Шенеунік бұл проблеманы қарастыруға сөз берді.      

ӘСЕЛ ТАЙЛАҚОВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА

Әлі қанша уақыт күту керек? Біз үйге кезекке тұрғанда үлкен балам 6 жаста болған еді. Қазір ол институтқа түсті. Енді зейнет жасқа шыққанша дейін күтуіміз керек пе?

ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз сіздің мәселеңізді жеке қарастырып көреміз. Телефоныңызды беріңіз. Сізге қалай көмектесуге болатынын қарастырамыз.

Бес баланың анасы бұл сертке де сенім артты. Енді мәселенің шешілуі уақыт еншісінде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:07, 19 сәуір 2019
Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
20:06, 19 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
20:04, 19 сәуір 2019
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...